«Тәуелсіздік – адамзаттың бақыты»
Алатау ауданы №178 лицейде 15.12.2018ж. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылдығына байланысты «Тәуелсіздік – адамзаттың бақыты» атты тақырыпта мерекелік кеш өтті. Мақсаты: тәуелсіздік ұғымын терең ұғындыру, оқушылардың бойына Отанына, еліне деген сүйіспеншілік пен бірлік ұғымдарын терең сіңіру, Мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге, мемлекеттік тілді құрметтеуге, өз ұлтын сүйетін саналы, білімді азамат қалыптастыру.