Алғыс айту - асыл қасиет
Алғыс, ризалық тілек айту – халықтың жан ділі психологиясының қуатты болмысын дәлелдейтін дәстүр. Алғыс айту деген сөз – адамдардың бір-біріне жылу сыйлауы. Кез келген мұңайып тұрған адам бұл сөзді ести сала, жадырап шыға келеді. Іс тындырып, нәтижесінде алғыс сөзді естісек, қуанышымыз еселене түседі. Осыған сәйкес, назарларыңызға бүгінгі лебізді сәтке шолу ұсынамыз.