Іс-шаралар » Страница 9 » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Арыстан» мамандандырылған лицейінің 9-сынып оқушысы Жанабай Аян Даниярұлы лицей оқушыларына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
22
декабрь
2023
«Арыстан» мамандандырылған лицейінің 9-сынып оқушысы Жанабай Аян
  21 желтоқсан күні «Арыстан» мамандандырылған лицейінің 9-сынып оқушысы Жанабай Аян Даниярұлы №178 мамандандырылған лицей оқушыларына кәсіби бағдар бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Оқушыларға «Арыстан» лицейі жайлы мәлімет беріліп, лицейдің оқу бағыты, күн тәртібі, киім үлгісі мен жиын-үйірмелер тізіміне шолу жасады. Оқушылармен кері байланыс жүргізіліп, сұрақтарына жауап берді.
Желтоқсан оқиғасының ардагері Курмансейітов Бауыржан Абайұлының қатысуымен кездесу өткізілді.
20
декабрь
2023
Желтоқсан оқиғасының ардагері Курмансейітов Бауыржан Абайұлының
№178 мамандандырылған лицейде 11 "Е" сынып жетекшісі Бастерова Балхия Айдаркуловнаның ұйымдастыруымен лицейіміздің алғашқы әскери және техникалық дайындық пәні мұғалімі, Желтоқсан оқиғасының ардагері Курмансейітов Бауыржан Абайұлының қатысуымен кездесу өткізді. Кездесу барысында оқушылар Бауыржан Абайұлына "Желтоқсан оқиғасына" байланысты сұрақтар қойып, оқиғаға байланысты толық мәліметтер алды. Бауыржан Абайұлына алғысымыз шексіз.
7 ”Г",  8 "З " сынып  оқушыларына «Бүгінгі дұрыс тамақтану, ертеңгі дені сау ұлт» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
19
декабрь
2023
7 ”Г", 8 "З " сынып оқушыларына «Бүгінгі дұрыс тамақтану, ертеңгі
№178 мамандандырылған лицейде 7 ”Г", 8 "З " сынып оқушыларына «Бүгінгі дұрыс тамақтану, ертеңгі дені сау ұлт» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін, дені сау ұрпақ ертеңгі елдің болашағы екендігін түсіндіру, денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, әдемі болуға тәрбиелеу.
10«Ә» сынып оқушылары тәуелсіздік жолында күрескен 16 желтоқсан көтерілісінің ардагерлері  Әбдіқұлов Мырзағұл және Светлана Жумагазиевнамен  кездесті.
19
декабрь
2023
10«Ә» сынып оқушылары тәуелсіздік жолында күрескен 16 желтоқсан
Желтоқсан көтерілісі — 1986 жылы 17-18 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары еді. Әрі бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болды.  "Қилы заман мықты адамдарды тудырады, ал мықты адамдар бейбіт заман тудырады" демекші бүгін №178 мамандандырылған лицейдің 10«Ә» сынып оқушылары тәуелсіздік жолында күрескен 16 желтоқсан көтерілісінің ардагерлері  Әбдіқұлов Мырзағұл
"Тәңір сыйы – Тәуелсіздік" атты кездесу сағаты өтті
15
декабрь
2023
"Тәңір сыйы – Тәуелсіздік" атты кездесу сағаты өтті
Алматы қаласы Алатау ауданы "ALATAU CREATIVE HUB" орталығында желтоқсанның он бесінші жұлдызында, Тәуелсіздік күніне арналған, ұйымдастырылған "Тәңір сыйы – Тәуелсіздік" атты кездесу сағаты өтті. "ALATAU CREATIVE HUB" орталығының директоры Роза Жүнісқызының ұйымдастыруымен өткен бұл кездесуге №178 мамандандырылған лицейдің 8"З" сынып оқушылары сынып жетекшісі Ж.Б. Терлікбаевамен бірге қатысып қайтты.      Желтоқсан оқиғасының қайраткерлері Мырзағұл Әбдіқалықов және Светлана Серікбаева кездесу
ТӘУЕЛСІЗДІК - ЕЛІМНІҢ ЕРЛІК ЖОЛЫ!
15
декабрь
2023
ТӘУЕЛСІЗДІК - ЕЛІМНІҢ ЕРЛІК ЖОЛЫ!
     Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру – бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт. Бұл күнді атап өту – тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбектің бүгінгі белесін қорытындылайтын мерейлі сәт.      Бүгін, №178 мамандандырылған лицейде Тәуелсіздік мерекесіне орай  «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы!» атты салтанатты іс-шара өткізілді. Мерекелік кеште директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.А.Байтелиева лицей қауымын ұлтымыздың ұлық мерекесі
9 ”Ж” сыныбында "Тәуелсіз елім-бақытым менің” тақырыбында ашық сынып сағаты өтті
12
декабрь
2023
9 ”Ж” сыныбында "Тәуелсіз елім-бақытым менің” тақырыбында ашық сынып
     Бүгін, А.А. Ауелбекова жетекшілік ететін 9 ”Ж” сыныбында "Тәуелсіз елім-бақытым менің” тақырыбында ашық сынып сағаты өтті. Сынып тақырыпқа сай безендіріліп, оқушылар ең басты құндылығымыз Тәуелсіздік жайлы ән айтып, өлең оқыды. Тәуелсіздік шежіресіне байланысты сұрақтарға жауап беріп, Желтоқсан оқиғасының батырларын  еске алып, бір минут үнсіздік жариялады. Оқушылар еркін елдің ұрпағы ретіндегі ойларын Алаштың ардақтысы Ә.Бөкейхановтың “Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын” деген
"ZOK JUNIORS" клубының мүшелері №181 жалпы білім беретін мектеп оқушыларына робототехника әлемі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді
11
декабрь
2023
"ZOK JUNIORS" клубының мүшелері №181 жалпы білім беретін мектеп
     №178 мамандандырылған лицей әкімшілігінің қолдауымен құрылған робототехникадан "ZOK JUNIORS" клубының мүшелері Сарқытбай Медина мен Исаева Жарқынай №181 жалпы білім беретін мектеп оқушыларына робототехника әлемі мен ондағы негізгі жаңалықтарды жеткізу мақсатында  түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Осы іс-шараның өтуіне қолдау көрсеткені үшін #181 жалпы білім беретін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сәкен Нұржанұлына өз алғысымызды білдіреміз!  Құрметпен, #178
«Тәуелсіз Қазақстан балалар көзімен» атты сурет көрмесі
11
декабрь
2023
«Тәуелсіз Қазақстан балалар көзімен» атты сурет көрмесі
     №178 мамандандырылған лицейдің 7-8 сынып оқушылары арасында көркем еңбек пәнінің мұғалімі Абыканова М.А. ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіз Қазақстан балалар көзімен» атты сурет көрмесі өтті. Көрмеге оқушылар белсене қатысып, еліміздің жарқын көріністерін сурет арқылы көрсете білді.       Көрменің негізгі мақсаты – өз елі үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру, ұлттық бірлікке тәрбиелеу, өнерге баулу, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ету.
«Құрмет» орденінің иегері, ұлағатты ұстаз, математика пәні мұғалімі Ә.Қ.Өтеш атындағы ІІ математикалық олимпиада өтті
09
декабрь
2023
«Құрмет» орденінің иегері, ұлағатты ұстаз, математика пәні мұғалімі
     Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау жөне қолдау жөніндегі орталығының қолдауымен 2022 жылы бастау алған «Құрмет» орденінің иегері, ұлағатты ұстаз, математика пәні мұғалімі Ә.Қ.Өтеш атындағы ІІ математикалық олимпиада №178 мамандандырылған лицей базасында өтті. Олимпиадаға Алматы қаласындағы мамандандырылған білім беру мекемелерінің 10-11 сыныптарынан 43 оқушы қатысты.   Олимпиаданың қорытындысы бойынша 12 оқушы жеңімпаз және