Іс-шаралар » Страница 4 » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
"ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАП ЖАРЫСАЙЫҚ" қамқорлық акциясы
15
март
2024
"ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАП ЖАРЫСАЙЫҚ" қамқорлық акциясы
      15 наурыз - қайырымдылық күні. Әрі мейірімділікті, татулықты насихаттайтын игі күн. Қайырымдылық — адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді.  Осы орайда, Алматы қаласы, Алатау ауданы, № 178 мамандандырылған лицей оқушылары "Жақсылық жасап жарысайық" қамқорлық акциясы аясында "Шаңырақ" ӘҚК орталығына барып қайтты. Іс-шара барысында лицей оқушылары қарттарға тәттілерін ұсынып, өзара көмек пен
Жүсіпбек Аймауытұлының туғанына – 135 жыл
13
март
2024
Жүсіпбек Аймауытұлының туғанына – 135 жыл
      Мерейлі күнге орай, №178 мамандандырылған лицейдің 7-11 сынып оқушыларының қатысуымен  сынып сағаттары өтті. Қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист тұлғаның өмір жолын бүгінгі ұрпаққа насихаттау, тағылымын тарату өте маңызды. Өйткені, Жүсіпбек Аймауытұлының әр туындысы патриоттық сезім мен күрескерлік рухқа толы.
8 "Е" сыныбы «Қазақ мәдениетінің тарихы» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізді
13
март
2024
8 "Е" сыныбы «Қазақ мәдениетінің тарихы» тақырыбында сыныптан тыс
      Мәдениет дегеніміз – адамдардың  өмірі мен іс-әрекетін ұйымдастыруы  және материалдық-рухани  байлықты  жасауынан көрінетін қоғам мен адамның белгілі бір тарихи даму дәрежесі. Дәстүрлі мәдениетті дамытуда қазақ халқы әлемдік мәдениет тарихында өшпес із қалдырды және келешек ұрпаққа аманат етіп табыстады.        Осы орайда, 14 наурыз – "Көрісу күні – Амал мерекесі" аясында 8 "Е" сыныбы «Қазақ мәдениетінің тарихы» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізді. Сынып жетекшісі: Орынқұл И.
"Ұлттық киім – ұрпаққа мұра" тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті
13
март
2024
"Ұлттық киім – ұрпаққа мұра" тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті
      14 наурыз – "Көрісу күні – Амал мерекесі" аясында 8 "И" сыныбында "Ұлттық киім – ұрпаққа мұра" тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: ұлттық киімді дәріптеу мен ұлықтау; ұлттық киімдер туралы білімін молайту, таныстыру;       Азаматқа айбат, қызға көрік беретін ұлттық киімдерді барша халық кисе, жарасып-ақ кетері анық. Сондықтан, өз ұлттық киімімізді өзіміз дәріптеу арқылы салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрыптарымызды, рухани құндылықтарымызды ұлықтап жүрейік. Мереке құтты болсын! Сынып
"Robo Mind – 2024" лицейішілік чемпионаты өтті
12
март
2024
"Robo Mind – 2024" лицейішілік чемпионаты өтті
      №178 мамандандырылған лицейде "Алматы BALAFEST" қалалық фестивалі аясында "Robo Mind – 2024" лицейішілік чемпионаты өтті. Чемпионатқа 7-11 сынып оқушылары қатысып, өз жұмыстарын көрсетумен қатар, олардың құндылықтарымен бөлісті.        Мақсаты – оқушылардың интеллектуалдық-шығармашылық және инженерлік-техникалық әлеуетін ашу, цифрлық технологияларды қолдану арқылы қойылған мақсаттар мен міндеттерді шешу жолдарын анықтап, оқушылардың робототехника және сенсорика саласында техникалық
"Екі жұлдыз" байқауы өтті
07
март
2024
"Екі жұлдыз" байқауы өтті
      «Ән шуақ» балалар фестивалі жобасы аясында №178 мамандандырылған лицейде «Екі жұлдыз» байқауы өткізілді.  Байқаудың мақсаты: лицей оқушыларына эстетикалық тәрбие беруді арттыру, мұғалім мен оқушы арасында тығыз байланыс орнату; Бірлікке, өнерді бағалай білуге тәрбиелеу.
«Ұшқыр доп» атты гандбол жарысында 9-11 сынып оқушыларының қыздар командасы жеңімпаз атанды
06
март
2024
«Ұшқыр доп» атты гандбол жарысында 9-11 сынып оқушыларының қыздар
      06.03.24 күні Алматы қаласы Алатау ауданы бойынша «Мектеп лигасы» аясында «Ұшқыр доп» атты гандболдан 9-11 сынып оқушыларының қыздар арасында аудандық іріктеу жарысы өтті.  Жарысқа аудан мектептерінен іріктелген, үздік спортшылар қатысты. Жарыс өте тартысты өтті. Жарыстың қорытындысы бойынша, лицейіміздің қыздар командасы 1-орынды иеленіп, қалалық кезеңге жолдама алды. Жаттықтырушысы: Утешова М.К. Жеңістеріңіз құтты болсын! Қалалық кезеңге сәттілік пен жеңіс тілейміз! 
«Ұшқыр доп» атты гандбол жарысында 9-11 сынып оқушыларының ұлдар командасы жүлдегер атанды
06
март
2024
«Ұшқыр доп» атты гандбол жарысында 9-11 сынып оқушыларының ұлдар
      06.03.24 күні №178 мамандандырылған лицейде «Мектеп лигасы» аясында «Ұшқыр доп» атты гандболдан 9-11 сынып оқушыларының ұлдар арасында аудандық іріктеу жарысы өтті. Жарыста аудан бойынша үздік деп танылған спртшылар өзара бақ сынасты. Жарыс өте қызықты және тартысты өтті. Жарыс соңында жеңімпаздар анықталып, марапатталды. Нәтижесінде: №178 мамандандырылған лицейдің  ұлдар командасы жүлделі 2-орынды қанжығаларына байлады. Жаттықтырушысы: Әнәпьяев Е.М. Жеңістеріңіз құтты болсын! 
Алаш зиялысы, профессор — Санжар Асфендияровтың құрметіне арналған олимпиада
05
март
2024
Алаш зиялысы, профессор — Санжар Асфендияровтың құрметіне арналған
    Санжар 135 жылдық мерейтойына орай "Медицина саласының майталман  маманы — Санжар Асфендияров" тақырыбында химия-биология пәндерінен өткен олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау кеші өтті.  Екі пән бойынша олимпиадаға 9-10 сыныптардан 42 оқушы қатысып, өзара мықтыны анықтады.        Нәтижесінде сынып бойынша екі пәннен 4 топқа бөлініп, 36 оқушы  І, ІІ, ІІІ орындармен мадақтама арқылы марапатталды және арнайы медалдар табыс етілді. Осы іс-шараның өтуіне қолдау көрсеткені үшін
«Ұшқыр доп» атты  гандболдан 9-11 сынып оқушыларының ұлдар, қыздар арасында аймақтық іріктеу жарысы өтті
04
март
2024
«Ұшқыр доп» атты гандболдан 9-11 сынып оқушыларының ұлдар, қыздар
      04.03.24 күні Алматы қаласы Алатау ауданы №178 мамандандырылған лицейде «Мектеп лигасы» аясында «Ұшқыр доп» атты  гандболдан 9-11 сынып оқушыларының ұлдар, қыздар арасында аймақтық іріктеу жарысы өтті.  Мақсаты: оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттай отырып, ұйымшылдыққа, достастыққа, спортпен шұғылдануға баулу. Жарыс өте қызықты және тартысты өтті.        Жарыстың нәтижесінде лицейіміздің ұлдар мен қыздар командасы 1-орынды иеленді. Жаттықтырушылары: дене шынықтыру пәнінің