10
октябрь
2018
«Жас Ұлан» ұйымының ұланбасы сайланды.
2018 жылдың 10 қазан күні №1 Оқушылар үйінде Алатау ауданының
«Жас Ұлан» ұйымының ұланбасы сайланды.
Ұланбасылыққа аудан мектептерінің Ұланбасылары қатысты. Үміткерлер өздерінің дайындаған «Егер мен ауданның Ұланбасы болсам...» тақырыбындағы сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Сайлауға әр мектептің Бөлімбасылары мен әділ қазылар қатысты.
Ұланбасын сайлаудағы мақсат өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, Отанға деген сүйіспеншілікті арттырып, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу болып табылды. Оның ішінде қазақ халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілікті қалыптастыру, танымдық жұмыстарды ынталандыру, балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін жағдай жасау, жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту міндеттелді. Үміткерлер өзінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, алдағы жылы жасайтын жұмыс жоспарын көрсетті.
Сайлау қорытындысы бойынша үміткерлердің ішінен ең көп дауыс жинаған, «№178 лицей» оқушысы – Нұғман Нұрғали ұланбасы атанып, барлық жиналғандардың алдында ант қабылдады. Салтанатты жиында 2017-2018 оқу жылында сайланған Ұланбасы «Жас Ұлан» төсбелгісін тағып, Нұрғалиға өзінің көшбасшылық қасиетін ұштай отырып, алдыңғы қатарлы оқушылардың бірі болуға тілектестігін білдірді.