Ақпарат » Страница 10 » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
Халықаралық Инженерлік Технологиялар Университеті өкілдерімен кездесу
27
февраль
2024
Халықаралық Инженерлік Технологиялар Университеті өкілдерімен кездесу
      Қаламыздағы жоғары оқу орындарының бірі Халықаралық Инженерлік Технологиялар Университетінің кәсіби бағдар беру бойынша мамандары лицейімізге арнайы келіп, 10-11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 
7-8 сынып оқушылары арасында  «ЭКО-СӘН - 2024» байқауы өтті
27
февраль
2024
7-8 сынып оқушылары арасында «ЭКО-СӘН - 2024» байқауы өтті
     2024 жылдың 27-ақпанында жаратылыстану кафедрасының онкүндігі аясында  биология пәнінің мұғалімі Г.Б. Джумабаеваның ұйымдастыруымен 7-8 сынып оқушылары арасында  «ЭКО-СӘН - 2024» байқауы өтті.  Лицей оқушылары арасында өткен байқаудың мақсаты:  экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатқа деген сүйіспеншілікті ояту, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу және қалдық заттарды дұрыс пайдалану мен өңдеу мүмкіншілігін арттыру.       10 «Ә» сынып оқушысы Қайса Аяулым «Эко-ыдыстар» атты өз
"Балалардың тамақтануындағы балықтың рөлі" тақырыбында 7-8 сыныптар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
27
февраль
2024
"Балалардың тамақтануындағы балықтың рөлі" тақырыбында 7-8 сыныптар
"Салауатты тамақтану мектебі" аясында № 178 мамандандырылған лицейде "Балалардың тамақтануындағы балықтың рөлі" тақырыбында 7-8 сыныптар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.  Мақсаты: Оқушыларға дұрыс тамақтану түрлерін үйрету, балық өнімдерінің адам ағзасы үшін пайдалы жақтарын түсіндіру.
"KIMEP" университетіндегі арнайы ғылыми-ақпараттық саяхат-сабағы
26
февраль
2024
"KIMEP" университетіндегі арнайы ғылыми-ақпараттық саяхат-сабағы
      Лицейіміздің 10-сынып оқушылары қаламыздағы жоғары оқу орындарының бірі "KIMEP" университетіне арнайы ғылыми ақпараттық саяхат-сабағына барды. Оқушыларымыз университеттің тыныс-тіршіліктері мен оқу бағдарламасы және академиялық базаларымен танысты. Сондай-ақ ең үздік сұрақтарға жауап берген 10 "Е" сынып оқушысы Айсинова Інжуға жастар комитеті  университеттің  жейдесін табыстады. 
ZOK juniors командасы Орталық Азиядағы робототехника чемпионатының жүлдегері атанды
26
февраль
2024
ZOK juniors командасы Орталық Азиядағы робототехника чемпионатының
     Астанада робототехника бойынша Орталық Азиядағы ең ірі чемпионат аяқталды. Оған әлемнің 5 елінен 3000-нан астам оқушы қатысты. Олар Қазақстанда және шетелдерде өткен іріктеу чемпионаттарында үздік шығып, квота алған 200-ден астам команда.       Чемпионат дүниежүзілік FIRST бағдарламасы аясында үш жас санатында өтті: FLL Explore (6-10 жас), FLL Challenge (10-16 жас) және FIRST Tech Challenge (12-18 жас). Чемпионатқа роботтар ойынынан басқа инновациялық жобалар байқауы мен төрешілер
Білім алушылар және ата-аналар назарына!
26
февраль
2024
Білім алушылар және ата-аналар назарына!
      Құрметті білім алушылар және ата-аналар!  Сіздерді Алматы қаласы Білім басқармасының №178 мамандандырылған лицейде 2024-2025 оқу жылында 5 және 7-сыныпта білім алуға шақырамыз.  Тіркелу уақыты: 1 ақпан - 15 сәуір 2024 жыл Онлайн тіркелу: www.qabyldau.daryn.kz Байланыс телефоны: +7 (701) 822 90 13 Мекенжайы: Алматы қаласы, Алатау ауданы, Ақбұлақ ы/а, Суаткөл көшесі, 41
"Тәуелсіздік үшін" фракциясы әкім кубогінің иегері атанды
26
февраль
2024
"Тәуелсіздік үшін" фракциясы әкім кубогінің иегері атанды
      Алматы қаласының 8-11 сынып оқушылары арасында Британдық Парламенттік формат бойынша өткен әкім кубогіне арналған "Almaty CUP I" қалалық пікірсайыс турнирінде N178 мамандандырылған лицей оқушыларынан құралған "Тәуелсіздік үшін" фракциясы жүлделі I орынды иеленіп, әкім кубогін алды. Оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз! 
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні жетекшісі А.Б.Құрмансейтов Респуликалық турнир жүлдегер атанды
26
февраль
2024
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні жетекшісі
      Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай Алғашқы әскери және технологиялық дайындық жетекшілері арасында пневматикалық винтовкадан ату және автоматты жартылай бөлшектеп жинаудан өткен республикалық турнир өтті. Турнирге лицейіміздің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің жетекшісі Құрмансейітов Бауыржан Абайұлы қатысып, 50-59 жас аралығында "Винтовка ату" спорт түрі бойынша III орынды иеленді. Құттықтаймыз!
Алматы қаласы бойынша өткен жалпықалалық сейсмикалық жаттығу
23
февраль
2024
Алматы қаласы бойынша өткен жалпықалалық сейсмикалық жаттығу
      Төтенше жағдайларға дайын болу – адам өмірі мен денсаулығын сақтаудың кепілі. 2024 жылғы 23-ақпанда сағат 10:00-де Алматы қаласы бойынша өткен жалпықалалық сейсмикалық жаттығуға №178 мамандандырылған лицейдің қызметкерлері мен оқушылары белсенді түрде қатысты. Сейсмикалық жаттығу барысында барлық қатысушылар «Назар аударыңыз!» сигналын естігеннен бастап, лицейде барлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтай отырып, толығымен қауіпсіз орынға эвакуацияланды. 
«Дарынды балаларға - талантты ұстаз» атты педагогикалық олимпиаданың лицейішілік кезеңі өтті
23
февраль
2024
«Дарынды балаларға - талантты ұстаз» атты педагогикалық олимпиаданың
      2024 жылдың 23-ақпанында №178 мамандандырылған лицейде «Дарынды балаларға - талантты ұстаз» атты педагогикалық олимпиада өтті. Жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамытуына жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге мұғалімдердің кәсіби көзқарасын қалыптастыру мақсатында өткен олимпиадаға 1-5 жыл аралығындағы жас ұстаздар қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша үздік жұмыстар дараланып, арнайы дипломдармен марапатталды.