Ақпарат » Страница 8 » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
9”Б” мен 9”А” сыныптарына  “Сүт өнімдері” тақырыбында инфосабақ өткізілді.
05
март
2024
9”Б” мен 9”А” сыныптарына “Сүт өнімдері” тақырыбында инфосабақ
05.03.24 күні  9”Б” мен 9”А” сыныптары қосылып, бірге инфосабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: “Сүт өнімдері”. Инфосабақ өте жоғары деңгейде өтті. Оқушылар жаңа ақпарат біліп, видеоролик тамашалап, бірін-бірімен пікірталас құру арқылы өздеріне керегін алды. Онымен қоса қызықты ойындар ойнап, сергіту сәттері де болды. 9”А” сыныбы мен 9”Б” сыныбы да сабаққа жақсы дайындықпен келген. Дайындаған презенциялары мен видео материалдарын көрсетіп бір-бірімен ақпарат алмасты.
Лицейіміздің 8-сынып оқушысы Халықаралық турнир жеңімпазы
04
март
2024
Лицейіміздің 8-сынып оқушысы Халықаралық турнир жеңімпазы
      "Арена Бокс" клубының ұйымдастыруымен өткен Халықаралық турнирде 1-орын алғаны үшін 8 "А" сынып оқушысы Серік Ельдар дипломмен марапатталды.
Асқар Пейілнұл "АSTANA ART FEST" байқауының жеңімпазы
04
март
2024
Асқар Пейілнұл "АSTANA ART FEST" байқауының жеңімпазы
      Халықаралық балалар және жасөспірімдер арасындағы шығармашылық, көпжанрлы "АSTANA ART FEST" байқауында "Аспапта ойнау-Домбыра" номинациясы бойынша өнер көрсетіп, ГРАН ПРИ! алғаны үшін 9 "Е" сынып оқушысы Асқар Пейілнұл марапатталды.
Білім мен ғылымды ұштастыра білген дарынды оқушыларымыз  республикалық ғылыми жобалар конкурсының  жеңімпазы атанды
04
март
2024
Білім мен ғылымды ұштастыра білген дарынды оқушыларымыз
      2024 жылғы 26 ақпан - 1 наурыз аралығында Тараз қаласында Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытынды кезеңі өтті. Білім мен ғылымды ұштастыра білген дарынды оқушыларымыз:  - Еламан Арсен мен Бақытбек Ақбота «Рентгенфлуоресцентті әдістің негізінде заттардың құрамын анықтау» тақырыбындағы авторлық зерттеу жұмысы ерекше бағаланып, ІІІ дәрежелі диплом, ҚОЛА МЕДАЛЬ жеңіп алды. Ғылыми жетекшілері: Шадиев Кайратбек Хамзаханович және Турсын
«Ұшқыр доп» атты  гандболдан 9-11 сынып оқушыларының ұлдар, қыздар арасында аймақтық іріктеу жарысы өтті
04
март
2024
«Ұшқыр доп» атты гандболдан 9-11 сынып оқушыларының ұлдар, қыздар
      04.03.24 күні Алматы қаласы Алатау ауданы №178 мамандандырылған лицейде «Мектеп лигасы» аясында «Ұшқыр доп» атты  гандболдан 9-11 сынып оқушыларының ұлдар, қыздар арасында аймақтық іріктеу жарысы өтті.  Мақсаты: оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттай отырып, ұйымшылдыққа, достастыққа, спортпен шұғылдануға баулу. Жарыс өте қызықты және тартысты өтті.        Жарыстың нәтижесінде лицейіміздің ұлдар мен қыздар командасы 1-орынды иеленді. Жаттықтырушылары: дене шынықтыру пәнінің
Алғыс айту - асыл қасиет
01
март
2024
Алғыс айту - асыл қасиет
      Алғыс, ризалық тілек айту – халықтың жан ділі психологиясының қуатты болмысын дәлелдейтін дәстүр. Алғыс айту деген сөз – адамдардың бір-біріне жылу сыйлауы. Кез келген мұңайып тұрған адам бұл сөзді ести сала, жадырап шыға келеді. Іс тындырып, нәтижесінде алғыс сөзді естісек, қуанышымыз еселене түседі. Осыған сәйкес, назарларыңызға бүгінгі лебізді сәтке шолу ұсынамыз.  
"Зиянды заттар және олардың денсаулыққа зияны" тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді
01
март
2024
"Зиянды заттар және олардың денсаулыққа зияны" тақырыбында түсіндірме
      Алматы қаласы Психикалық денсаулық орталығының нарколог дәрігері Кистауов Жақсыбек Ерментайұлы 9-11 сынып оқушыларына салауатты өмір салтын сақтау  мақсатында "Зиянды заттар және олардың денсаулыққа зияны" тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
"Асханадағы ас мәзіріне жалпы түсінік" тақырыбында ата-аналармен  түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
01
март
2024
"Асханадағы ас мәзіріне жалпы түсінік" тақырыбында ата-аналармен
2024 жылдың 1 наурыз күні "Салауатты тамақтану мектебі" аясында № 178 мамандандырылған лицейде "Асханадағы ас мәзіріне жалпы түсінік" тақырыбында ата-аналармен  түсіндірме жұмыстары жүргізілді.  Мақсаты: 7-11 сынып оқушыларының бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылуы, дайындалған астың ас мәзірімен сәйкестігі, оның сапасын анықтау. Асхананың электронды  құжаттарымен  web-сайтта таныстыру жұмыстары жүргізілді.
"Я профессионал" олимпиадасының аудандық кезеңі
29
февраль
2024
"Я профессионал" олимпиадасының аудандық кезеңі
      2024 жылы 29 ақпаны күні Алматы қаласы Алатау ауданы Білім бөлімінің ұйымдастыруымен Алатау ауданы  орта мектептерінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерін пәндік құзыреттілікті дамыту, кәсіби өсуді ынталандыру мақсатында  "Я профессионал" олимпиадасының аудандық кезеңі өткізілді. Лицейден бақ сынаған орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші С.К.Ханасилова жүлделі І орынды иеленді.  Сабина Курымбаевнаны жеңісімен құттықтай отырып, қалалық кезеңде сәттілік тілейміз!
Санжар Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университетімен бірлескен пәндік олимпиада
28
февраль
2024
Санжар Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университетімен
      Лицейімізде Жаратылыстану кафедрасының "Ғылымның үш тірегі" тақырыбында онкүндік  өтіп жатыр. Аталған онкүндікте лицей әкімшілігі және Жаратылыстану кафедрасы бірігіп, Санжар Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық университетінің академиялық істер жөніндегі проректоры — Жанна Амантайқызының қолдауымен, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, педагог,  Алаш зиялысы, профессор — Санжар Асфендияровтың 135 жылдық мерейтойына орай "Медицина саласының майталман маманы — Санжар