Лицейіміздің белсенді оқушысының сүбелі сұқбаты республикалық балалар журналына жарыққа шықты » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Лицейіміздің белсенді оқушысының сүбелі сұқбаты республикалық балалар журналына жарыққа шықты
01
апрель
2020

Лицейіміздің белсенді оқушысының сүбелі сұқбаты республикалық балалар журналына жарыққа шықты

    №178 лицейдің 7 «Е» сыныбының оқушысы Ислам Әлібайдың сұқбаты балаларға арналған республикалық ақпараттық-танымдық «AINALAIYN» журналына жарыққа шықты. Ислам оқушымыз лицейіміздің қоғамдық жұмыстарына белсенді түрде ат салысып, аудандық деңгейде өткен жарыстарда лицей намысын абыроймен қорғап, бірнеше мәрте жүлделі орындарға ие болды. Жас та болса, үлкен сахналарға шығып, өзінің талантымен өнерін паш етіп, елдің ыстық ықыласына бөленіп жүр.
     Аудандық деңгейдегі жарыстарда «Туға қарап, бой түзе» және «Патриоттық әндер» сайысында жүлделі ІІ орынға тұрақтап, лицейімізде Қарттар күніне орай, Мұқағали Мақатаев, Абай Құнанбайұлы, Тәуелсіздік мерекесіне орай т.б өткізілген іс-шараларда өзінің қоңыр дауысымен әсем әндерін паш етіп, сахнаның сәнін келтіріп жүр.
     Оқушымыз өнерде де, өмірде де тек биік белестерді бағындыра беруіне шын жүректен тілектеспіз.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: