"Еліміздің болашағы – дарынды жастар" атты слет өтті » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Еліміздің болашағы – дарынды жастар" атты слет өтті
22
февраль
2020

"Еліміздің болашағы – дарынды жастар" атты слет өтті

   №178 лицей 5-11 сынып оқушылары арасында "Еліміздің болашағы – дарынды жастар" атты слет өтті. Әрбір орта білім беретін мекеме оқушыларды сапалы сауаттандыруды, зерттеу жұмысына баулуды және шығармашылық қабілеттерін шыңдауды мақсат тұтады. 

   «Еліміздің болашағы – дарынды жастар» атты дарындылар слетінің басты мақсаты – дарынды балалардың зияткерлік, рухани және шығармашылық дамуының нәтижесін қорытындылап, оларды оқу және ізденуге ынталандыру. Аталған іс-шараға лицейдің халықаралық, республикалық, қалалық және аудандық деңгейде өткізілген олимпиадалар, ғылыми жоба байқаулары және әртүрлі спорттық сайыстардан жүлделі орындар алған дарынды оқушылар мен жетекшілері қатысты.

   Өз кезегінде лицей директоры Қ.Х. Шадиев  құттықтау сөзінде жыл бойы өздерін үздіктер қатарында көрсеткен өрендерге ризашылығын білдіріп, мақтау қағаздарын тапсырды. 


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: