Алматы қаласы Алатау Ауданы №178 лицей «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акция бойынша анықтама » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Алматы қаласы Алатау Ауданы №178 лицей «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акция бойынша анықтама
10
декабрь
2019

Алматы қаласы Алатау Ауданы №178 лицей «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акция бойынша анықтама

Республика көлемінде әйелдерге қатысты түрлі дискриминация түрлерін жою туралы конвенцияға (Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 29 шілдеде ратификациялаған) сәйкес жыл сайын 25 қараша – 10 желтоқсан  аралығында «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өткізілді.
    Акцияның негізгі мақсаты – халықтың кең тобын әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескертуге, алдын-алуға, ана мен баланы қорғауға, қоғамдағы отбасының рөлін күшейтуге, құқықтық сауаттылығын арттыруға және  зорлық-зомбылық жасауға бейім адамдармен жеке-профилактикалық жұмысты жүзеге асыру.  
      Лицей қабырғасында жыл сайын 25 қарашада «Бақытты отбасы!» ұранымен «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» дәстүрлі іс-шарасы өткізілді.
Осы орайда 26 қараша күні мектеп қабырғасында мектептің «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі Султанкулова  Илара Джумановна лицейдің  ата-аналарымен бірлесіп үлкен сыныптың оқушыларына және ата-аналарына дөңгелек үстел өткізді. 
Бұл ата-ана және оқушының арасындағы кездесудің мақсаты: отбасындағы  қыз-келіншектерге жасалатын зорлық-зомбылықтың алдын алу, ана мен бала құқығының заңды түрде қорғалуын қамтамасыз ету жайында мәселелерді қозғау. 
Шара барысында лицей психологі Ж.А. Ағажанова «Бақыт-деген сенін балалық шағың» атты тренинг ойынын өткізіп, оған ата-аналар белсене қатысып, өздерінің пікірлерімен бөлісті. 
Жалпы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық көбіне ер азаматтардың жұмыссыздығынан, ішімдікке салынуынан, қызғаншақтықтың туындауынан болады. Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық қоғамымыздағы үлкен мәселе болып отыр. Сондықтан да әйелдеріміздің сана-сезімін оятып, құқықтық білімдерін жетілдіріп, психологиялық көмек беруіміз керек деп дөңгелек үстел басына келген ата-аналар өз ойларымен бөлісті. Пікір алысу кезінде жастарды толғандыратын сұрақтарына кездесуге шақырылған ақ жаулықты үлкен апа, әжелеріміз жауап беріп, ақыл-кеңестерін айтып отырды.
«Бақытты отбасы!» атты ұранымен ұйымдастырылған ата-ана, оқушы және мұғалім атты қауымдастық кездесуі қызықты өтіп, өз жемісін беріп кездесу соңы  концерттік бағдарлама мен аяқталды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: