Құқықбұзушылықтың алдын алу — басты міндет » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Құқықбұзушылықтың алдын алу — басты міндет
12
сентябрь
2024

Құқықбұзушылықтың алдын алу — басты міндет

Құқықбұзушылықтың алдын алу — басты міндет тақырыбында лицейімізде 2024 жылдың 10 қыркүйек күні 9-10 сынып жасөспірімдеріне қоғамдағы келеңсіз жайттардан сақтану, Азаматтық Кодекс туралы түсінік қалыптастыру, ішкі тәртіп талаптарын орындау мәселелері шеңберінде кездесу өтті. Бұл кездесуге Алатау АПБ ЖПҚБ ЮПБ инспекторы полиция майоры — Л.Т.Жампеисова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілер қатысты. Қазіргі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Аталмыш кездесуде жасөспірімдерге қоғамда, лицейде тағы да басқа жерлерде өздерін қалай ұстау керектігі жөнінде сөз болды. Дана халқымыз: “Ел болам десең, бесігіңді түзе” деп жасөспірімдердің тәртібі мен тәрбиесіне мән берген. Бос уақытын тиімді пайдалана білсе, құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алуға көп септігін тигізері сөзсіз.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: