«Жер сілкінісі кезінде қарапайым 10 қадам» » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жер сілкінісі кезінде қарапайым 10 қадам»
13
сентябрь
2019

«Жер сілкінісі кезінде қарапайым 10 қадам»

     Алматы қаласы, Алатау ауданына қарасты №178 лицейінде Алатау ауданының  Төтенше жағдай басшылығының бас маманы Марат Мадиұлы «Жер сілкінісі кезінде қарапайым 10 қадам» атты тақырыпта лицей оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу лицейдің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Бауыржан Абайұлының жетекшілігімен ұйымдастырылды. Кездесу тақырыпқа сай түсіндіріліп, алғашқы 10 ережесімен таныстырды.
     1.    Тыныштықты сақтаңыз.
     2.    Лифт және баспалдақпен жер сілкіну кезінде жүрмеңіз.
     3.    Жиhаздан, терезеден, люстрадан ары тұрыңыз.
     4.    Жасырынатын жер тауып, басыңызды қолмен жабыңыз.
     5.    Жер сілкіну аяқталған соң, ғимаратты босатыңыз. 
     6.    Суды, газды, электр қуатын кетер алдында өшіріңіз.
     7.    Дабыл жол сандығын дайындап, дәрі қорабы мен құжаттарды алыңыз.
     8.    Электр желілерінен, ғимараттардан, ағаштардан аулақ болыңыз.
     9.    Жердің қайта сілкінуіне дайын болыңыз.
    10.    Балаларға, қарттарға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.
Осы қарапайым 10 бағытта түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қауіпсіздік шараларын күшейту жолдары да кеңінен қарастырылды.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: