«Менің бауырым» жобасы аясында «Менің мамандығым - менің мақтанышым» тақырыбында қорытынды кездесу өтті » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Менің бауырым» жобасы аясында «Менің мамандығым - менің мақтанышым» тақырыбында қорытынды кездесу өтті
23
май
2024

«Менің бауырым» жобасы аясында «Менің мамандығым - менің мақтанышым» тақырыбында қорытынды кездесу өтті

     «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің» студенттері «Менің бауырым» жобасы аясында №178 мамандандырылған лицейде еріктілік қызмет көрсетіп, оқушыларды сабақ оқып қана қоймай, сол білімді ұштастырып, болашағының алғашқы баспалдағы болатын, өз өміріне де қоғамға да пайдасы тиетін мықты маман болулары үшін «Менің мамандығым - менің мақтанышым» тақырыбында ой қозғап, презентациялармен әр мамандықтың қыр-сыры, қоғамдағы рөлі, сұраныстағы орны туралы толық ақпараттар беріп, болашақ маман иелерін қызықты фактілермен, оқушыларға жетік тілде жан-жақты түсіндіріп берді. Әсіресе, физика-математика мамандықтары бойынша көрсетілген көрнекіліктер, сыныпты жұмылдыра, тыңдата білулері мамандыққа машықтануға жасалған алғашқы қадам болды. Оқушылар да қосымша білім алып, алғыстарын жеткізді. Жалпы «Менің бауырым» жобасы студенттер мен оқушылар арасындағы жанашырлық, ұрпақтар сабақтастығы мен ұлт болашағы үшін жасалған салмақты да сауапты жоба болды. Студенттерге жетекшілік еткен Жастар саясаты орталығының басшысы Мейрамгүл Бахытжанқызы, “Өркен” балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми практикалық институтының қызметкері Сағым Көпбайқызы және 178 мамандандырылған лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кутумов Берик  Нәбиевич.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: