«Менің болашақ мамандығым – мұғалім!» тақырыбында Online кездесу өткізілді » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Менің болашақ мамандығым – мұғалім!» тақырыбында Online кездесу өткізілді
20
апрель
2021

«Менің болашақ мамандығым – мұғалім!» тақырыбында Online кездесу өткізілді

“Мамандық” құндылығы туралы түсінік сферасын кеңейту және жеке тұлғаның әлеуметтік ашық қоғамға бейімделуіне, яғни әлеуметтенуіне ықпал ету мақсатында «Менің болашақ мамандығым – мұғалім!» тақырыбында №2 Алматы мемлекеттік педагогика – гуманитарлық колледж мамандары сәуір айының 20 күні № 178 мамандандырылған лицейдің 9-сынып оқушыларымен профориентация бойынша Online кездесу өткізді. Кездесу басында директордың ғылыми-ісі жөніндегі орынбасары Досқожаева Н.Е. шараның ұйымдастырылуындағы мақсаты жөнінде айтып өтіп, колледж оқытушылары мен өкілдеріне сөз кезегін берді. Колледждің өкілдері өздерінің оқу орны, қалыптасу тарихы, дайындайтын негізгі мамандықтары жөнінде түсіндіріп, өздерінің видеороликтерін ұсынды. Сонымен қатар, 12 -15 мамыр күндері болатын «Менің болашақ мамандығым – мұғалім!» атты 9 – 11 сынып оқушыларына арналған ІІІ профориентациялық олимпиаданың өткізілетіндігі, оқушылардың осы іс-шараға қатысуы туралы айтылды.


 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: