Менің кәсіби мамандығым » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
сентябрь
2019

Менің кәсіби мамандығым

 «Менің кәсіби мамандығым» жас мамандарға арналған психологиялық тренинг

     2019 жылы қыркүйек айының 19-ына лицей психологі Жанна Алтынбековнаның, әдіскер Жанерке Елубаевнаның тарапынан «Менің кәсіби мамандығым» атты жас мамандарға арналған психологиялық тренинг өткізілді.

Тренинг жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатын көздеді.

Өз қызметтерін аянбай, алаңсыз жүргізуіне ұшқыр ой, алғыр зейін, ашық көз, ояу көкірек керек екені даусыз. 

Тренинг барысында «Айналамыздағы адамдармен қарым-қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді өзіміз танимыз ба?» – деген сұрақтарға жауап іздеп, тұлғаның адами көзқарасын анықтауда жас мамандар белсенділік танытты.

Қорыта келе, ұлы педагог Ы. Алтынсариннің «Мұғалім – мектептің жүрегі» демекші жас мамандарға лицейдің жүрегі бола білуге тілектестік білдірілді.



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: