"Менің кіші Отаным" атты байқауы » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
октябрь
2020

"Менің кіші Отаным" атты байқауы

"АЛМАТЫ ДАРЫНЫ" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен 2020 жылдың қазан айында  9-10 сынып оқушылары арасында өткен "Менің кіші Отаным" атты байқауында "Менің кіші Отанымның тарихы" номинациясы бойынша №178 лицейдің 9-сынып оқушысы Байжұма Бексұлтан  Ғабитұлы І дәрежелі дипломмен марапатталды.  Дарынды оқушы Отанымыздың тарихын, географиялық атауын, құрылу тарихын, дамудың негізгі кезеңдерін, табиғи-климаттық ерекшеліктерін, халықтың саны, кәсіпорындар мен әлеуметтік-тұрмыстық сала мекемелері,  көрікті жерлері  туралы ақпаратты  бейнефильм форматында ұсынды. Жас дарынның жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Шынасыл Ғалымжан Жораұлы. Құттықтаймыз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: