14
июнь
2024
НЕГІЗГІ ОРТА БІЛІМ ТУРАЛЫ АТТЕСТАТТЫ ТАПСЫРУ РӘСІМІ ӨТТІ
2024 жылғы 14 маусым күні №178 мамандандырылған лицейде 9-сыныпты табысты аяқтаған 248 оқушыға негізгі орта білім туралы аттестат тапсыру рәсімі өтті. Жақсы біліммен, тағылымды тәрбиемен өскен ұл-қыздарымыз – Отанымыздың қазынасы, елдің ертеңгі елеулі тірегі. Биылғы жылы лицейімізде 16 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанды.
Лицей директоры Қ.Х. Шадиев оқушыларға арнап құттықтау сөз сөйлеп, ізгі тілекпен негізгі орта білім туралы аттестатты оқушыларға салтанатты түрде табыстады. Өз кезегінде мерекеге қатысып, осы күнді асыға күткен оқушылар өздерінің әсем әндерімен алғыстарын жолдаса, ұстаздар мен ата-аналар құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.
Жас түлектер, үлкен өмірге аттаған қадамдарыңа нұр жаусын, талаптарың оң болсын! Ендігі кезектегі жалпы және арнаулы орта білім алу жолындағы сапарларың сәтті, ақ жол тілейміз!