Жас өнертапқыш Ахмет Дәурен «Ақылды үй» жобасын ойлап тапты » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жас өнертапқыш Ахмет Дәурен «Ақылды үй» жобасын ойлап тапты
06
июнь
2024

Жас өнертапқыш Ахмет Дәурен «Ақылды үй» жобасын ойлап тапты

      17 жасар Ахмет Дәурен бала жастан зерек. Робототехника саласына 7-сыныбында қызығушылық таныта бастаған жас өнертапқыш Ахмет Дәурен бүгінде «Ақылды үй» жобасын ойлап тапты. Ол бұл жобаны 2022 жылдың басында зерттей бастайды. Ал қазір лицейіміздің биылғы түлегі, дарынды шәкірттің еңбегі халықаралық бәйгеде де үздік деп танылды.
      Дәурен осыған дейін де робототехника саласында «Digital Almaty 2023: жаңа шындықтағы цифрлық әріптестік» халықаралық цифрлық форумы шеңберінде өткізілген инновациялық жобалар көрмесінде, «MILSET Vostok Expo-Sciences 2022» байқауында, әрі т.б. бірқатар халықаралық, республикалық ғылыми жобаларда жоғары жетістіктер көрсетіп келеді. Жақында Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің грантын ұтып алды. 
      Айта кетелік, Дәурен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған «Жылдың үздік жас кәсіпкері» байқауына қатысып, жеңімпаз атанған. https://youtu.be/_Xz8XGpkexE?si=49sp6SacFoBjBVL1

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: