Ақын, жазушы Алтыншаш Жұманқызы Жақияновамен кездесу кеші өтті » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ақын, жазушы Алтыншаш Жұманқызы Жақияновамен кездесу кеші өтті
08
февраль
2024

Ақын, жазушы Алтыншаш Жұманқызы Жақияновамен кездесу кеші өтті

     №178 мамандандырылған лицейде Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, "Зерде" сыйлығының лауреаты, 2017 жылғы Балалар әдебиетінің жеңімпазы, ақын, жазушы Алтыншаш Жұманқызы Жақияновамен кездесу кеші өтті. 7-8 сынып оқушыларының қатысуымен өткен бұл кеште балалар ақын өлеңдерін жатқа оқыды. Өздерін қызықтыратын сұрақтарына жауап алды. Кеш барысында ақын өзі оқушыларға бірнеше өлеңдерін оқып берді. Жақында ғана жарық көрген кітаптарына қолтаңбасын қалдырып мектеп кітапханасына тарту етті. Сонымен қатар, оқушылар мен ұстаздарға да кеш қонағы қолтаңбалы кітаптарын сыйға тартты. Кеш соңы ақын апамыздың оқушыларға берген батасымен аяқталды. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: