"Алаш, сені үндемей-ақ сүйемін!" атты тақырыпта ақын, философ Мұратхан Шоқанмен кездесу кеші өтті. » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Алаш, сені үндемей-ақ сүйемін!" атты тақырыпта ақын, философ Мұратхан Шоқанмен кездесу кеші өтті.
28
октябрь
2022

"Алаш, сені үндемей-ақ сүйемін!" атты тақырыпта ақын, философ Мұратхан Шоқанмен кездесу кеші өтті.

    Бүгін №178 мамандандырылған лицейде қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының мұрындық болуымен "Алаш, сені үндемей-ақ сүйемін!" атты тақырыпта ақын, философ Мұратхан ШОҚАНМЕН кездесу кеші өтті.
Жиынға лицей ұстаздары мен оқушылар қатысты.
Кештің мақсаты – Мұратхан Шоқан поэзиясын, шығармашылығын өскелең ұрпаққа тереңірек таныстыру. Шара ақын шығармаларынан өзінше ой түюге және өлең құдіретінің қасиетін ұғынуға бағытталды. Шара барысында оқушылар ақынның өлеңдерін, философиялық ойларын жатқа оқып, көкейлерінде жүрген сан түрлі сауалын қойып, ойындағы жауаптарын алды.
Сондай-ақ, жиынның жүргізушісі жас ғалым, ақынның рухани шәкірті Рақымберді Жетібай ақынның өлеңдеріне өз пікірін білдіріп, шығармашылығын талдап өтті. Кеш соңында шара ұйымдастырушылары жиналған қауымға ризашылығын білдіріп, ақынға сый-сияпат тапсырып, ілтипат көрсетті. Ақын өз кезегінде аталмыш білім ордасына алғысын айтып, өз өлеңдерін төгілте оқып берді.
  

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: