«Хәкім Абай» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, ф. ғ. к. Абайтанушы Жабал Шайынбет Алшынбекұлымен онлайн кездесу » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Хәкім Абай» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, ф. ғ. к. Абайтанушы Жабал Шайынбет Алшынбекұлымен онлайн кездесу
09
август
2021

«Хәкім Абай» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, ф. ғ. к. Абайтанушы Жабал Шайынбет Алшынбекұлымен онлайн кездесу

2021 жылдың 9 тамыз күні Алматы қаласының №178 мамандандырылған лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Эльмира Рапилованың ұйымдастыруымен Zoom платформасында Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті «Хәкім Абай» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, ф. ғ. к. Абайтанушы Жабал Шайынбет Алшынбекұлымен онлайн кездесу өтті.
Мақсаты: Абай шығармашылығын жас ұрпақтың «жүрегіне терең бойлатып», Абайдың жұмбақ әлемінің тылсым сырларына үңілту.
Кездесу барысында Жабал Алшынбекұлы заманында Абайдың шығармалары шырғалаңға ұшырап, советтік идеологияның қатаң сүзгісінен өткенін әңгімелей келе, ақын өлеңдері және қара сөздерімен келешек ұрпаққа не айтқысы келгенін, әр қара сөзінің терең мағынасына тоқталып, өзінің ойларын ортаға салды.
Сонымен қатар, оқушылар Абай өміріне қатысты өздерінің сұрақтарын қойып, өздеріне жақын Абайдың қара сөздері мен өлеңдерінен үзінді оқып берді.Кездесу соңында, қатысушылар Жабал Шайынбет Алшынбекұлына алғыстарын айтып, өздерінің тілек-ұсыныстарын жеткізді.


  

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: