20
февраль
2021
Ата-аналармен (5-9 сынып) онлайн-кездесу өтті
2021 жылдың 20 ақпанында сағат 12:00-де ZOOM платформасында № 178 мамандандырылған лицейдің 5-9 сыныптардың ата-аналарымен онлайн-кездесу өтті. Ата-аналарға арналған онлайн-сұхбатқа лицей директоры, директордың оқу ісі, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагог, лицей психологы, лицей тәлімгері және лицейдің 5-9 сынып оқушыларының ата-аналары мен сынып жетекшілері қатысты. Кездесу барысында ата-аналар өздерінің көкейтесті сұрақтарын қойып, өте белсенді болды. Кездесу соңында ата-аналар өзекті мәселелер қозғалғанын және өздеріне қажетті толық ақпарат алғандарын айтып, екі жақты байланыс үшін лицей әкімшілігіне алғыстарын айтты.
Теги:
онлайн