Ата-аналармен (10-11 сынып) онлайн-кездесу өтті » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ата-аналармен (10-11 сынып) онлайн-кездесу өтті
13
февраль
2021

Ата-аналармен (10-11 сынып) онлайн-кездесу өтті

2021 жылдың 13 ақпанында сағат 12:00-де ZOOM платформасында №178 мамандандырылған лицейдің 10-11 сыныптардың ата-аналарымен қашықтық оқыту жағдайында балаларды тәрбиелеу мәселелерінде, "лицей – бала – ата-ана" қарым-қатынасы мен өзара ықпалдасуына қатысты психологиялық-педагогикалық қолдау бойынша барлық толғандыратын мәселелерде ата-аналарға пәрменді көмек көрсету мақсатында онлайн-кездесу өтті. Ата-аналарға арналған онлайн-сұхбатқа лицей директоры, директордың тәрбие ісі, оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагог, лицей психологы, лицей тәлімгері және лицейдің 10-11 сынып оқушыларының  ата-аналары мен сынып жетекшілері қатысты. Кездесу барысында ата-аналар өздерінің көкейтесті сұрақтарын сұрап,  өте белсенді болды. Кездесу соңында ата-аналар өзекті мәселелер қозғалғанын және өздеріне қажетті толық ақпарат алғандарын айтып, екі жақты байланыс үшін лицей әкімшілігіне алғыстарын  айтты. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: