Абайтанушы Ж.Ш. Алшынбекұлымен онлайн кездесу өткізілді » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Абайтанушы Ж.Ш. Алшынбекұлымен онлайн кездесу өткізілді
09
август
2021

Абайтанушы Ж.Ш. Алшынбекұлымен онлайн кездесу өткізілді

2021 жылғы 9 тамызда Алматы қаласы №178 мамандандырылған лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Эльмира Рапилованың ұйымдастыруымен Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті «Хәкім Абай» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, ф.ғ.к. Абайтанушы Ж.Ш. Алшынбекұлымен онлайн кездесу өтті.
Мақсаты: Абай шығармашылығын жас ұрпақтың «жүрегіне терең бойлатып», Абайдың жұмбақ әлемінің тылсым сырларына үңілту.
Кездесу барысында Жабал Алшынбекұлы заманында Абайдың шығармалары шырғалаңға ұшырап, кеңестік идеологияның қатаң сүзгісінен өткенін әңгімелей келе, ақын өлеңдері және қара сөздерімен келешек ұрпаққа не айтқысы келгенін, әр қара сөзінің терең мағынасына тоқталып, өзінің ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, оқушылар Абайдың өміріне қатысты өздерінің сұрақтарын қойып, өздеріне жақын Абайдың қара сөздері мен өлеңдерінен үзінді оқып берді. Кездесу соңында қатысушылар Жабал Шайынбет Алшынбекұлына алғыстарын айтып, өздерінің тілек-ұсыныстарын жеткізді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: