"Ақын - елдің ардағы" » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
ноябрь
2023

"Ақын - елдің ардағы"

     №178 мамандандырылған лицейде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің онкүндігі аясында сыршыл ақын, мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының, «Құрмет» орденінің иегері Ақберен Елгезекпен  «Ақын - елдің ардағы» атты кездесу кеші өтті. Кештің негізгі желісі қаламгердің «Болмаған балалық шақ» повесінің мазмұны бойынша өрбіді. 
     Кездесудің «Поэзия минуты» бөлімінде оқушылар ақынның «Тілек», «Түнек басып тұрғанмен көңілде нұр», «Мама»  және тағы басқа өлеңдерін мәнерлеп оқып, ақын өлеңдеріне жазылған әндерді нақышына келтіре орындады. Қаламгерге көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, кеш қонағымен әсерлі әңгіме өрбіді. Кездесу соңында ақын  лицей ұжымы мен оқушыларға жылы лебізін білдірді. 
Ардақты ақын Ақберен Елгезекке шығармашылық табыс тілеп,  мазмұнды сұхбат үшін ұжым мен оқушылардың атынан үлкен алғыс білдіреміз!
Ұйымдастырушылар: Усентаева Б.А., Сатбаева Р.С., Рапилова Э.Ж., Ертуғанова Б.Т.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: