Лицей өз түлектерімен мақтанады және әрқашан құрмет көрсетеді... » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Лицей өз түлектерімен мақтанады және әрқашан құрмет көрсетеді...
19
январь
2024

Лицей өз түлектерімен мақтанады және әрқашан құрмет көрсетеді...

    Лицейіміздің 2023 жылғы түлектері, мерейлі 10 жылдықтың оныншы түлектері әр қалаларда және шет мемлекеттерде оқып, білім алуда. Түлектер, өздері түлеп ұшқан алтын ұяларына келіп, лицей басшысы Шадиев Қайратбек Хамзаханұлымен қабылдауында болып, өздерін білім нәрімен сусындатқан ардақты да, аяулы мұғалімдеріне сәлем беріп, лицейімізге арнайы қонақ болып келген болатын. Сондай-ақ өздері оқушы кездерін еске алып, ескірмес естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар түлектеріміз лицей спорт залында волейболдан жолдастық кездесу өткізіп, алтын ұяларына деген сағыныштарын басты. 
     Кездесу соңында лицей басшысы Қайратбек Хамзаханұлы: 
— Түлектерімізге сәттілік тілеп, өмірде жолдарың ашық болып, сабақтарыңды жақсы оқуды, жастық шақтың ең бір керемет кезі студенттік шақтарыңды өте жақсы өткізіп, елге, халыққа адал қызмет етуге шақырды. Алтын ұя лицейлеріңнің есігі сіздерге әрқашан ашық, қайда жүрсеңдер де аман-есен жүріп, ата-аналарыңның, ұстаздарың мен лицей әкімшілігінің сенімін ақтаңдар,-деп, жылы лебізін білдірді. 
Балалық бал дәуреннің болашаққа бағыт беретін баспалдағы — мектеп!!! 
Сол алтын ұяларын ұмытпай, арнайы келгені 2023 жылғы түлектерге өз алғысымызды білдіреміз! 
Мамандандырылған лицей — өз түлектерімен, шәкірттерімен мақтанады...

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: