Лицей оқушылары XVІ Президенттік олимпиаданың жүлдегерлері атанды » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Лицей оқушылары XVІ Президенттік олимпиаданың жүлдегерлері атанды
24
ноябрь
2023

Лицей оқушылары XVІ Президенттік олимпиаданың жүлдегерлері атанды

     XVІ Президенттік олимпиаданың қорытынды кезеңі Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті базасында өтті. Олимпиада 21 қараша басталып, 24 қарашаға дейін жалғасты
     Үшінші (республикалық) кезеңге 199 оқушы қатысты.
     Олимпиаданың мақсаты – орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында математика, физика, химия және биология пәндерінен дарынды оқушыларды анықтау, оларды одан әрі зияткерлік дамыту және кәсіби бағдарлау үшін оңтайлы жағдайлар жасау.
     Қазылар алқасының құрамы халықаралық олимпиадалардың бұрынғы жеңімпаздары мен жүлдегерлері, жетекші отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының студенттері, магистрлері мен PhD докторлары қатарынан құрылды.
     Олимпиаданың қорытындысы бойынша №178 мамандандырылған лицей оқушылары:
 I дәрежелі диплом – Мырзабекова Марал 11 сынып оқушысы.
II дәрежелі диплом – Токаева Әйгерім 11 сынып оқушысы.
    Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің грантын I дәрежелі дипломмен марапатталған Мырзабекова Марал иеленді.
     Жеңімпаздар мен жүлдегерлерімізді құттықтаймыз, оқушыларымыздың алар асулары тек биіктен болсын!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: