11-сынып оқушысы Мырзабекова Жанерке Президенттік олимпиаданың жүлдегері атанды » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 11-сынып оқушысы Мырзабекова Жанерке Президенттік олимпиаданың жүлдегері атанды
19
ноябрь
2021

11-сынып оқушысы Мырзабекова Жанерке Президенттік олимпиаданың жүлдегері атанды

2021 жылдың 15-18 қараша аралығында Қарағанды қаласы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша ХІV Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңі өтті. Білім додасында еліміздің барлық аймақтарынан 11-сыныптың 182 оқушысы математика, физика, химия және биология пәндерінен бақ сынады.
№178 мамандандырылған лицейдің 11-сынып оқушысы Мырзабекова Жанерке Президенттік олимпиаданың жүлдегері атанып, ҚР Білім және ғылым министрлігінің III дәрежелі дипломымен және қола медальмен марапатталды. Сонымен қатар Мырзабекова Жанерке Ақтөбедегі Жұбанов атындағы мемлекеттік университет пен С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің білім грантына ие болды.
Жүлдегерімізді құттықтаймыз және жарқын жеңістер тілейміз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: