Лицейдің өнерлі, дарынды оқушылары арасында "ӨНЕРІМДІ ЕЛІМЕ АРНАЙМЫН" атты көркемөнерпаздар байқауы өтті. » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Лицейдің өнерлі, дарынды оқушылары арасында "ӨНЕРІМДІ ЕЛІМЕ АРНАЙМЫН" атты көркемөнерпаздар байқауы өтті.
17
февраль
2023

Лицейдің өнерлі, дарынды оқушылары арасында "ӨНЕРІМДІ ЕЛІМЕ АРНАЙМЫН" атты көркемөнерпаздар байқауы өтті.

Әр адамның өзінің бойына ерекше біткен таланты болады. Соның бірі – өнер. Осы өнер арқылы өмірдің кең тынысы, тіршілік құбылыстары, адамның әр түрлі сезімі бейнеленеді. Әрбір адамның табиғат сыйлаған дарыны болады. Міне, сондай №178 мамандандырылған лицейдің өнерлі, дарынды оқушылары арасында "ӨНЕРІМДІ ЕЛІМЕ АРНАЙМЫН" атты көркемөнерпаздар байқауы өтті. Оқушылардың өнерге деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған байқау баланың өз шығармашылығын шыңдауына, қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік берді. Мұның өзі түптеп келгенде баладан шыдамдылық пен төзімділікті қажет етіп, алдына қойған мақсатына жетуге талпынуға, шеберлікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелейді.
Байқаудың мақсаты: балаларға эстетикалық және өнегелік тәрбие беру мақсатымен, өнердің көркем шығармашылығын дамыта түсу үшін, оқушылардың жоғары рухани және өнерпаздық талғамын қалыптастыру.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: