«Мұғалімдердің кәсіби құзіреттіліктерін жетілдіру арқылы оқытудың тиімділігін арттыру жолдары» тақырыбында әдістемелік кеңес отырысы өткізілді. » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» «Мұғалімдердің кәсіби құзіреттіліктерін жетілдіру арқылы оқытудың тиімділігін арттыру жолдары» тақырыбында әдістемелік кеңес отырысы өткізілді.
31
март
2021

«Мұғалімдердің кәсіби құзіреттіліктерін жетілдіру арқылы оқытудың тиімділігін арттыру жолдары» тақырыбында әдістемелік кеңес отырысы өткізілді.

№178 мамандандырылған лицейде 2021 жылдың 29 наурызы күні «Мұғалімдердің кәсіби құзіреттіліктерін жетілдіру арқылы оқытудың тиімділігін арттыру жолдары» тақырыбында әдістемелік кеңес отырысы өткізілді.
Әдістемелік отырыста «Мұғалімдердің кәсіби құзіреттіліктерін жетілдіру арқылы оқытудың тиімділігін арттыру жолдары» атты баяндамасында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Даулетбаева Гулнафис Абатовна мұғалімдердің ғылыми педагогтік қызметтерін жандандыруға озық тәжірибені тарату қажет екендігін баяндады.
Сонымен қатар, онкүндіктер есебі, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, эстетикалық, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәндері кафедрасының есебі (кафедра жетекшісі Джумабаева Г.Б., Жәкі Ж.Т., Утешова М.К.) тыңдалды.
«Жаратылыстану ғылымының таңғажайып әлемі» атты жаратылыстану кафедрасының онкүндігі туралы Джумабаева Гулнар апталықта пән мұғалімдерінің өткізген іс-шаралары жөнінде жоғары дәрежеде атқарылғандығын айтты.
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының «Тіл – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем» атты онкүндікте «Кейіпкерлер әлемі» тақырыбында қазақ әдебиеті пәні бойынша Ы.Алтынсарин әңгімелерінен сурет байқауының онлайн форматта ерекше өткізгендігі, сондай-ақ пән мұғалімдері өз ашық сабақтарында түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, жоғары дәрежеде өткізілгендігі айтылды.
Мұғалімдердің ақпараттық технологияны тиімді қолдануы, жаңартылған бағдарламаны меңгеруі, өзара сабаққа қатысып, іс-тәжірибемен алмасуы, мұғалімдердің шығармашылықпен жұмыс жасауы, ағылшын тілінде физика және информатика сабағының жүргізілуін негізге ала отырып жұмыстар жандандырылуда, – деп Тастанова Жанат өз кафедрасының атқарған жұмыстары туралы айтып өтті.
«Спорт – таусылмас азық, Өнер – сарқылмас байлық!» атты эстетикалық пәндер, дене шынықтыру, АӘ және технологиялық дайындық пәндер кафедрасының онкүндігі жоғары дәрежеде өткендігі туралы Утешова Мира сөз етті.
Қорыта келе, әрбір пән бірлестіктері алға қойған мақсаттарын жүзеге асыру негізінде жүйелі түрде жоспармен жұмыс істеуде.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: