"Мерейлі 10 жыл" тақырыбында лицейдің 10 жылдығы кең көлемде атап өтілді. » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Мерейлі 10 жыл" тақырыбында лицейдің 10 жылдығы кең көлемде атап өтілді.
12
декабрь
2022

"Мерейлі 10 жыл" тақырыбында лицейдің 10 жылдығы кең көлемде атап өтілді.

     Алматы қаласы Алатау ауданы №178 мамандандырылған лицей ұжымы "Мерейлі 10 жыл" тақырыбында лицейдің 10 жылдығын кең көлемде атап өтті. Шақырылған қонақтардың арасында Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі, педагогикалық еңбек ардагері Миразова Аягуль Төреевна, ардагер ұстаздар, лицей түлектері лицейдің тыныс-тіршілігімен танысып, заманауи жабдықдалған кабинеттерді аралап, өз ризашылықтарын білдірді. «Жүрек жарды лебіздер» кітабына ізгі тілектерін жазды. Бүгінгі бір күн - ертеңгі тарих. Лицейдің акт залында жалғасқан мерекелік кездесудің екінші бөлігін республикаға танымал журналистер Берік Батырхан мен Гулмира Нәлібай құттықттау сөзбен ашты. Мерекелік іс-шара ән мен жырға, күй мен биге, құттықтауларға жалғасты. Мерекелік кездесуде алғашқы құттықтау сөз лицей директоры Шадиев Кайратбек Хамзаханұлына берілді, ол он жылда қол жеткізген он нәтиже жайлы қысқа да нұсқа пікірін ерекше толғаныспен жеткізіп, көпшіліктің көңілінен шықты.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: