Жаңа форматтағы жаңа оқу жылы » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2020

Жаңа форматтағы жаңа оқу жылы

Еліміздің тарихында алғаш рет жаңа оқу жылы жаңа бағытта, яғни қашықтан оқыту форматында басталды. Бұл – эпидемияның алдын алу мақсатында қабылданған мәжбүрлі шешім. № 178 лицейде де 1 қыркүйек – Білім күні тәрбие сағаттар қашықтан оқу форматында өтті.
Шығыстың Аристотелі атанған Әбу Насыр Әл-Фараби ғұламаның 1150 жылдығына арналған «Әлемнің екінші ұстазы» тақырыбында 6,7,8 сыныптарда тәрбие сағаттары өтті. Сынып жетекшілері оқушыларға Әл-Фараби өмірі, еңбек жолы туралы түсінік беріп, ғұламаның жан-жақты ерекше тұлға болғандығын айтты. Сонымен қатар шығармаларынан үзінді келтіре отырып, оқушылардан мән-мағынасын ашуды сұрап, өз ойларын білді. Ұлы ойшылдардың еңбектерін кең көлемде дәріптеу – саналы ұрпақты тәрбиелеудің жарқын үлгісі.
5,9,10,11 сыныптарда Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына арналған «Конституция – мәңгілік елдің тұғыры» тақырыбында тәрбие сағаттары өтті. Сынып жетекшілері оқушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда жалпыұлттық референдумда қабылданғанын, оған 1998, 2007, 2011, 2017 жылдары және 2019 жылы бес рет өзгерістер енгізілгендігін айтты.
Қолданыстағы Конституция тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы екінші рет қабылданған осындай құжат. Біріншісі 1993 жылы қабылданған болатын. Конституция Қазақстан халқының елімізді демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде бекітуге деген ұмтылысын, жігерін бейнелейді. Ең бастысы, Негізгі заңымыз қазақстандықтарға таңдау жасау құқығын берді. Сонымен қатар, еліміздің әр азаматының құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ететін әділетті сот атқарудың кепілі Конституция екенін атап өтті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: