Дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің сессия жұмысы онлайн форматта өтті » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің сессия жұмысы онлайн форматта өтті
27
август
2021

Дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің сессия жұмысы онлайн форматта өтті

2021жылдың 20 тамыз күні Алматы қаласы бойынша орта білім беру ұйымдарындағы дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің сессия жұмысы тамыз конференциясы өтті. Конференцияда нормативтік құжаттар, әдістемелік нұсқаулықтармен танысып, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдеріне 12 жылдық білім беру жүйесіне ауыстырылған мектептердегі сабақ жоспарлары мен қосымша бағдарламалар түсіндірілді. Конференцияға №178 мамандандырылған лицейдің дене тәрбиесі пәнінің 13 мұғалімі қатысты. Шара барысында шеберлік сағаттар мен тренингтер өткізілді. Білім басқармасының қызметкерлері дәріс оқыды. Сондай-ақ, 12 жыл оқитын мектептердің бірінші сыныптары үшін сабақ жоспарындағы өзгерістер айтылды. Дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстарды қызықты әрі тиімді өткізу туралы айтылды. Дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің сессия жұмысы тамыз конференциясы жоғары деңгейде өтті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: