«Эстетикалық пәндер, дене шынықтыру, АӘ және технологиялық дайындық» кафедрасының онкүндігінің ашылуы » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Эстетикалық пәндер, дене шынықтыру, АӘ және технологиялық дайындық» кафедрасының онкүндігінің ашылуы
27
февраль
2021

«Эстетикалық пәндер, дене шынықтыру, АӘ және технологиялық дайындық» кафедрасының онкүндігінің ашылуы

Санитарлық талапқа сай, мамандандырылған лицейде 27.02 күні «Эстетикалық пәндер, дене шынықтыру, АӘ және технологиялық дайындық» кафедрасының онкүндігінің «Спорт – таусылмас азық, Өнер – сарқылмас байлық!» атты тақырыбында онлайн және офлайн режимде ашылу салтанатты кеші өткізілді. Мақсаты: Салауатты өмір салты, спорттың әр түріне қызығушылықты ояту арқылы оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту. Қашықтықтан оқытудың әдіс-тәсілдерін меңгере отырып, оқушыларға сапалы білім беру. Білімді өнерлі, намысшыл парасатты еңбекқор ұрпақ қалыптастыру. 
Ашылу салтанаты лицей директорының құттықтау сөзімен басталды. Онкүндіктің салтанатты түрде ашылуында дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің бастамасымен, оқушылар еркін күрестен және көркем гимнастикадан өз шеберліктерін көрсетсе, ал, АӘ және технологиялық дайындық пәндері бойынша оқушылар Калашников автоматын жартылай бөлшектеу және жинау, оқжатарды (магазин) жарақтау, және противогаз қолдану көрініс тәсілдерін көрсетті. Технология пәнінен оқушылар шахмат, фоамираннан гүл жасау технологияларымен таныстырса, сурет өнері бойынша пейзаж көрінісін салды. Сондай-ақ ән-күй, би өнерінен оқушыларымыз өздерінің өнерлерін паш етті. Алдағы онкүндікте тағы да басқа қызықты спорт және өнер бағыты бойынша іс-шаралар атқарылады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: