«2020-2021 оқу жылының қорытындысы» тақырыбында жалпы республикалық ата-аналар жиналысы өтті » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «2020-2021 оқу жылының қорытындысы» тақырыбында жалпы республикалық ата-аналар жиналысы өтті
22
май
2021

«2020-2021 оқу жылының қорытындысы» тақырыбында жалпы республикалық ата-аналар жиналысы өтті

      2021 жылдың 22 мамырында Алматы қаласы Алатау ауданы  №178 мамандандырылған лицейде «2020-2021 оқу жылының қорытындысы» тақырыбында онлайн режимінде жалпы  республикалық ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында 2020-2021 оқу жылының қорытындысы жасалып, келесі оқу жылына қойылған міндеттер таныстырылды; білім сапасына талдау, білімді арттыру бағыттары мен ұсыныстар жасалды, қорытынды аттестаттау және жазғы мектептің жұмысын ұйымдастыру жайлы ақпараттар берілді. Сонымен қатар ата-аналарға балалардың жазғы демалыстағы жұмысы және балалардың бос уақытының тиімді пайдалануы, қауіпсіздігі туралы толық кеңес берілді.  
      Ата-аналар өздерінің сұрақтарына барлық жауаптарды алып, лицейдің жұмысына жоғары баға беріп, алғыстарын білдірді.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: