Жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
январь
2021

Жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді

2021 жылдың 22 қаңтар күні Алматы қаласы Алатау ауданы №178 мамандандырылған лицейде сағат 15:00-де 5-11 сынып ата-аналарына жалпы ата-аналар жиналысы онлайн режимде өткізілді.
Жиналысты лицей директоры Шадиев Кайратбек Хамзаханович бастап, ата-аналарды ІІІ тоқсанның ерекшелігі - аралас оқыту форматымен таныстырды.
Сонымен қатар, жиналыста төмендегі мәселелер қаралды:
1. «Баланың бас ұстазы –  ата-ана». Психолог Бақыт Дастанқызының кеңесі.
2. «Аралас оқыту форматында мектеп пен ата-ананың рөлі». Баяндамашы - ДОІЖО К.С. Шажабаева.
3. І жартыжылдық бойынша лицей жетістіктері. Баяндамашы - ДОІЖО Н.Е. Досқожаева.
4. Аралас оқыту форматындағы лицейдің ішкі тәртібі.  Баяндамашы - ДТІЖО Б.Н. Кутумов.
Жиналыс барысында ата-аналар өздерінің тараптарынан лицей ұжымына ризашылығын білдіріп, әртүрлі сұрақтарға жауап алды, өздерінің ұсыныстары мен пікірлерін білдірді. Лицей әкімшілігі де ата-аналар тарапынан көрсетілген көмектерге алғысын білдірді. «Ұл-қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуына жұмыла күш салайық. Баланың ерік-жігерін шыңдап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеп, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етейік» – деп лицей директоры жиналысты қорытындылады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: