«Мен жаңа оқу жылында қалай оқимын?» бірыңғай сынып сағаты » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мен жаңа оқу жылында қалай оқимын?» бірыңғай сынып сағаты
22
август
2020

«Мен жаңа оқу жылында қалай оқимын?» бірыңғай сынып сағаты

   
   Жаңа 2020-2021 оқу жылында карантиндік шаралар жағдайында оқушыларды оқыту форматтарымен таныстыру мақсатында 2020 жылғы 21 тамызда «Мен жаңа оқу жылында қалай оқимын?» тақырыбында Алматы қаласы Алатау ауданы №178 лицейдің 5-11 сынып оқушылары үшін  жалпыреспубликалық бірыңғай сынып сағаты қашықтан өткізілді.
   Сынып сағаты барысында сынып жетекшілер өз сыныбына келесі сұрақтарды түсіндірді:
   - Карантиндік шаралар кезіндегі оқыту форматтары;
   - Қашықтан білім алу барысында пайдаланылатын интернет-платформаның мүмкіндіктерімен танысу; 
   - Мен және менің денсаулығым (гигиена негіздері, физикалық белсенділік);
   - Жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау жүйесі;
   - Интернетте жұмыс істеу ережелері, ақпараттық қауіпсіздік.
   Оқушылар оқу сабақтарын өткізу нысандары туралы ақпарат алып, оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа жүйесімен танысты, сондай-ақ оқу күнін ұйымдастыру және жұмыс орны бойынша ұсыныстарды қабылдады. Сынып сағатында білім алушылардың ерекше назары Интернетте жұмыс істеу ережелері мен Интернеттің қауіптілігі туралы кеңейтілген ақпаратқа аударылды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: