"2020-2021 оқу жылында оқу процесін ұйымдастыру" атты педагогикалық кеңес » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "2020-2021 оқу жылында оқу процесін ұйымдастыру" атты педагогикалық кеңес
19
август
2020

"2020-2021 оқу жылында оқу процесін ұйымдастыру" атты педагогикалық кеңес

2020 жылғы 19 тамызда №178 лицейде "2020-2021 оқу жылында оқу процесін ұйымдастыру" атты педагогикалық кеңес онлайн режимде өткізілді. 
Педагогикалық кеңестің күн тәртібіндегі мәселелер: 
1) Жаңа оқу жылындағы оқу форматтары;
2) Санитарлық талаптарды сақтау;
3) Қашықтан оқыту: мұғалімнің жұмыс орны және ережелер;
а) Техникалық дайындық және жұмыс орны;
б) Қашықтан өткізетін сабақты әзірлеу алгоритмі;
в) Педагог имиджі және этикетті сақтау;
4) Мектепте қашықтан оқытуда пайдаланатын білім беру интернет-платформасымен танысу;
5) Жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау ерекшеліктері;
6) Баланы өз бетінше жұмыс істеуге және оқуға қалай ынталандыру керек?
Сондай-ақ, педагогикалық кеңесте синхронды және ассинхронды оқу форматына сәйкес қашықтан оқыту жүйесіне байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, оқушы, мұғалім және ата-ана арасындағы байланыс жайында маңызды да өзекті мәселелер кеңінен қарастырылды.
Онлайн режимде өткізілген педагогикалық кеңеске лицейіміздің барлық мұғалімдері қатысты.

 


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: