«Ақкент» БПҰ-ның «Nur Otan» партиясының праймеризін өткізу ережесі» тақырыбында онлайн жиналысы » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ақкент» БПҰ-ның «Nur Otan» партиясының праймеризін өткізу ережесі» тақырыбында онлайн жиналысы
03
август
2020

«Ақкент» БПҰ-ның «Nur Otan» партиясының праймеризін өткізу ережесі» тақырыбында онлайн жиналысы

2020 жылғы 3 тамызда «Ақкент» БПҰ-ның «Nur Otan» партиясының праймеризін өткізу ережесі» тақырыбында онлайн жиналыс өтті. Жиналысқа «Nur Otan» партиясы Алатау аудандық филиалының кеңесшісі Асылбек мырза қатысты. Күн тәртібінде «Nur Otan» партиясының праймеризын өткізу ережелері мен Праймериз кезіндегі «Ақкент» БПҰ жұмыстары қарастырылды. Жиналысқа партия мұшелері толық қатысты.
Бірінші сұрақ бойынша «Ақкент» бастауыш партия ұйымының төрағасы, №178 лицей директоры К. Шадиев «Ақкент» өз сөзін, алдағы саяси науқанға дайындық жұмыстарының басталып кеткенінен бастады. Праймериздің мақсаттыр мен міндеттемелері туралы қысқаша баян етті. К.Шадиев өз баяндамасында Праймериз деген не екенін, яғни ол – Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне және барлық деңгейдегі мәслихаттарға депутаттыққа, партияның, филиалдарының органдарына кандидаттарды ұсынуға және мемлекеттік органдардағы лауазымдарға ұсыным жасауға арналған партиялық тізімдерге одан әрі енгізу үшін алдын ала партияішілік іріктеу екенін атап өтті. Парламент Мәжілісіндегі және барлық деңгейдегі мәслихаттардағы тиімді депутаттық корпусты одан әрі қалыптастыру, партиялық желі бойынша ілгерілету, мемлекеттік органдардағы лауазымдарға ұсыну үшін бәсекелестік күрес негізінде нақты және мықты көшбасшыларды анықтау екенін партия мүшелеріне түсіндірді. Праймериз тамыз айының 17-сі мен қазан айының 3-не дейін үш кезеңде өткізіледі. Маслихат депутаттағына сайлауға үміткер ретінде кім лайықты екені партия мүшелерінің қолында. Сайлаушылар партия мүшелері. Сондықтан сайлауға 100 пайыз қатысуымыз қажет деп, бірінші сұрақты қорытындылады.
Екінші сұрақ бойынша Қ. Шадиев праймериз кезінде партия мүшелерінің белсенділігінің өте маңызды екенін атап өтті. Кандидаттардың агитациялық бағдарламаларымен әлеуметтік желілерде үнемі танысып отыру және қолдау көрсету; тікелей эфирлерге қатысу; кандидаттарға сұрақтар қойып, белсенділік таныту; сайлауға міндетті түрде қатысу.
«Ақкент» БПҰ-нда есептік деректер қоры бойынша – 156 адамды құрайды, оның ішінде декреттік демалыста – 24 адам, зейнеткерлер – 3, мүгедектер – 5 адам. Осы барлық партия мүшелері сайлауға қатысып, өз кандидатыны дауыс беру қажет. Жекелеген адамдар денсаулығының жағдайы, отбасының науқас мүшесін күту себебі бойынша дауыс беруге келе алмаған жағдайда, учаскелік есеп комиссиясы дауыс беруге арналған тасымалданатын урналарды жеткізуді ұйымдастырады. Учаскелік есеп комиссиясының мүшесі дауыс беруге қатысушылардың тізімінде қол қойып тасымалданатын урна ұйымдастырылатын адамдар үшін бюллетендер алады.
Жиналыс шешім етті:
1. Қ.Шадиевтың «Ақкент» бастауыш партия ұйымына праймериз жайлы баяндамасы қанағаттандырылды. «Ақкент» БПҰ жұмысы одан ары жандандырылсын.
2. Праймериз кезінде «Ақкент» БПҰ-ның жұмысы жандансын
3. Барлық партия мүшелері әлеуметтік желіге тіркеліп «онлайн праймериз» кезінде белсенділіктерін арттырсын.





Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: