Сыңғырла, соңғы қоңырау! 11 "А", 11 "Ә", 11 "Б" » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Сыңғырла, соңғы қоңырау! 11 "А", 11 "Ә", 11 "Б"
03
июнь
2020

Сыңғырла, соңғы қоңырау! 11 "А", 11 "Ә", 11 "Б"

11 сыныптарға арналған мектеп бітіру шаралары

Аттестат алу – әрбір түлектің өміріндегі өзіндік ересек өмірге аяқ басқанын бейнелейтін ерекше оқиға. Бұл мектептегі ең әсерлі, есте қаларлық соңғы шара. Бұл күні түлектер мұғалімдер мен ата-аналарға ризашылықтарын білдіріп, ересектердің ақ тілектерін тыңдайды.

Мектеп бітіру шарасының  мақсаты:

  • Мектеп дәстүрлерін насихаттау және сақтау, ұлтжандылыққа тәрбиелеу;
  • Білім мен білімнің құндылығын қалыптастыру, үздіксіз білім алу қажеттілігін қалыптастыру;
  • Қазақстан Республикасының лайықты азаматтары болуға, жастар арасында жоғары әлеуметтік белсенділік пен бәсекеге қабілеттіліктің дамуына ықпал ету.

Нормативтік құжаттар: «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері (ҚР БҒМ 2019 ж. №145)

Мектеп бітіру шарасының   ұйымдастырушысы: Мектеп әкімшілігі, қамқоршылық кеңесі, сынып жетекшілер

Шараның құрметті қонақтары:Түлектердің, мұғалімдердің  және ата-аналардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ пандемия кезінде коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында мектеп бітіру шарасына  қонақтар шақырылмайды. 

Іс-шараға екіден көп емес ата-аналар  немесе заңды өкілдерді қатыстыру ұсынылады (бір уақытта 100 адамға дейін).


Мектеп бітіру шараларын өткізу бойынша ұсыныстар


  • Бітіру шараларын әр сыныпта бөлек, мектеп алаңында, ашық ауада өткізу;
  • Түлектердің іс-шараға мектеп формасымен қатысу;
  • Түлектердіңәлеуметтік осал отбасылар мен балаларға арналған «Қайырымды істер күні», «Мейірімді жүректен - балаларға», «Пайдалы іс – өзіне ырыс», «Туған елге тағзым», «Ағаш отырғызу» және т.б. көмек көрсету қайырымдылық бастамаларынқолдау;
  • Карантинге байланысты білім беру ұйымдары оқушылардың өмірі мен денсаулығын сақтаудың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын ескере отырып, мектеп бітіру салтанатты кешінің өту форматын қысқарту туралы шешім қабылдай алады. Мектеп әкімшілігі мектеп бітіру кештерін өткізу күндері тәртіп бұзушылыққа жол бермеу шараларын қабылдайды.



Санитарлық қауіпсіздік шаралар кешенін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар


  • Барлық қатысушыларды бітіру шарасының өту тәртібі және қауіпсіздік талаптарын қадағалау туралы нұсқаулықпен таныстыру;
  • Санитарлық және эпидемияға қарсы режим шарттарының, сондай-ақ жеке бас гигиена ережелерінің қатаң сақталуын қамтамасыз ету;
  • Маска режимін қамтамасыз ету және шараға қатысушылар арасында алдын-ала таңбалау арқылы кем дегенде 1,5-2 метр қашықтықты сақтау;
  • Қауіпсіздік және төтенше жағдайда эвакуациялаушараларын сақтау.



Бітіру шарасын өткізу кезіндегі ұсынылатын регламент


Алғашқы бітіруші сынып: 10.00-10.40 аралығы

1 кезең: ( Салтанатты бөлім. Аттестатты тапсыру. «Алтын белгі» және ерекше үлгідегі аттестат иегерлеріне құрмет көрсету (чествование);


Екінші бітіруші сынып: 11.00-11.40 

Алгоритмге сәйкес


  • Шаралар  арасындағы интервал кем дегенде 20 минутты құрайды.Әр іс-шарадан кейін мектептің техникалық қызметкерлері бітіру күні өтетін жерді залалсыздандырады. Параллельді сыныптардың түлектері мен ата-аналарының  түйісуіне жол берілмейді. Мектеп басшылығы түлектер мен олардың ата-аналарына мектеп бітірушілердің іс-шараларының кестесі, карантин кезеңіндегі балалар мен ата-аналар тарапынан санитарлық талаптар сақталуы туралы  алдын ала  хабарлайды.

Шараның өту тәртібі

  • Қатысушылардың алдын ала таңбаланған белгілерге сәйкес тұруы;
  • Мектеп директорының тілегі;
  • Ата-аналардың құттықтауы;
  • Сынып жетекшінің құттықтау сөздері;
  • Түлектің сөзі;
  • Аттестатарды  тапсыру;
  • «Алтын белгі» және ерекше үлгідегі куәліктердің  иегерлеріне   құрмет көрсету;

Кең-байтақ Отанымыздың барлық өңірлеріндегі білім ұяларында күміс қоңыраудың сыңғыры естіліп, жұртшылық түлектерге сәт сапар тіледі. Он бірінші сыныпты бітірушілер өмірге жолдама - аттестаттарын алып, мектеппен қостасу сәтін өткізді.
Бірінші күні №178 лицейдің 11 "Ә", 11 "Б",  11 "В" сынып оқушыларының мектеппен  қоштасу сәтіне куә болдық.
    Соңғы қоңырау басталған кездегі ата-аналар мен ұстаздардың, оқушылардың жүздеріндегі алаулаған шаттықты, көздеріндегі шуақ­ты нұрды, көңілдеріндегі алабұртқан сезімді көргенде, кімнің де болса жан дүниесі толқымай тұра алмайды. Әсі­ресе, тәуелсіз еліміздің Әнұранын айт­қан­да, сарбаздай сап түзеп тұрған түлектер,  оң қолдарын жүрек тұсы­на қойып, Әнұранның сөзі мен әуенін әсем үнд­ерімен әуелете айтқанда, лицей алдын керемет бір толқын кернеп кеткені анық. 
























Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: