№178 лицейдің әкімшілігі 11 сынып түлектерінің ата-аналарына онлайн форматта жиналыс өткізді » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №178 лицейдің әкімшілігі 11 сынып түлектерінің ата-аналарына онлайн форматта жиналыс өткізді
20
май
2020

№178 лицейдің әкімшілігі 11 сынып түлектерінің ата-аналарына онлайн форматта жиналыс өткізді

    19.05.2020ж. сағ.17.00-де №178 лицейдің әкімшілігі 11 сынып түлектерінің ата-аналарына онлайн форматта жиналыс өткізді. Жиналыста 11 сынып түлектеріне аттестаттарды тапсыру және соңғы қоңырау іс-шарасы 3-4 маусымда өтетіндігі және оны өткізу тұжырымдамасы таныстырылды.
🔉 Лицейді бітіру іс-шараларын өткізу бойынша ұсыныстар:
✅ Іс-шара мектеп аумағында, ашық алаңда әр сынып үшін бөлек өткізіледі, уақыт аралығы - 20 минут;
✅ Түлектер рәсімге лицей формасында қатысады;
✅ Әрбір түлекпен 1 немесе 2 ата-анасы қатыса алады;
✅ Маскалық режимді міндетті түрде қамтамасыз ету және қашықтықты сақтау керек.
🔉 Жол берілмейді:
❌ Лицей немесе мұғалімдерге сыйлық алу үшін ақша жинау;
❌ Ивент-агенттіктерді, аниматорларды шақыру;
❌ Мерекелік дастархан жасап, аса салтанатты өткізу;
❌ Автокөліктерді жалға алып, қала ішінде экскурсия жасау;
❌ Мейрамхана, дәмхана және көңіл көтеру орындарында отырыс ұйымдастыру.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: