Онлайн форматта өткен кафедра отырысы «БЖБ - қашықтан оқыту жағдайында» » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Онлайн форматта өткен кафедра отырысы «БЖБ - қашықтан оқыту жағдайында»
30
апрель
2020

Онлайн форматта өткен кафедра отырысы «БЖБ - қашықтан оқыту жағдайында»

    №178 лицейдің кафедра отырыстарының талқылап жатқан өзекті мәселелерінің бірі 4-тоқсандағы бөлім үшін жиынтық бағалауды өткізу үдерісі болып отыр. Жаратылыстану кафедрасы мен физика-информатика кафедраларында өткен отырыстар осының айғағы.
    Кафедра жетекшілері Г.Яньмин, Г.Б.Джумабаева тараптарынан БЖБ өткізу кестесі көрсетілді. Сонымен қоса бөлім үшін жиынтық бағалаудың әдістемелік нұсқаулықтарында көрсетілген талаптары, тапсырмалардың өлшемшарттарының оқу мақсатына сай жүргізілетіндігі айтылды. Пән мұғалімдері тарапынан ойлау дағдыларын қамтитын бір немесе бірнеше тапсырмаларды дайындау кезінде әр тапсырма үшін жасалатын бағалау критерийіне сай дескрипторларың маңыздылығы ескерілетіндігі аталды. Жұмыс қадамдарын қамтитын алгоритмдердің ұсынылуы белгілі бір бөлім немесе ортақ тақырыптар шеңберіндегі орындалатын тапсырмалардың жүйелі берілуінің айғағы екендігін айтып өтті.
     ZOOM платформасында өткізілген кафедра отырыстары, әрбір пән мұғалімінің өз тарапынан жасалған тапсырмаларды ұсынып қана қоймай, онлайн жүйесі арқылы тәжірибе алмасуға мүмкіндік беруде.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: