Қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану тиімділігін бағалау » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану тиімділігін бағалау
19
май
2020

Қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану тиімділігін бағалау

     2019-2020 оқу жылының IV тоқсаны COVID-19 ауруының таралуына байланысты қысқамерзімде қашықтан оқыту форматына көшті. Осы орайда "№178 лицей" КММ-де қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану тиімділігін бағалау үшін сауалнама алынды. Сауалнама қорытындысына сәйкес қашықтықтан білім беру технологиясының мұғалім үшін тиімділігі: IT құзыреттілігін дамыту (56,4%), аз қағазбастылық (44,4%). Қашықтықтан білім беру технологиясынының кемшіліктері: оқушымен бетпе-бет қарым-қатынастың болмауы (55,6%), оқушыларды тиісті деңгейде қадағалай алмауы (45,3%). Сонымен қатар, қашықтықтан оқуға қажетті материалдарды дайындауда лицей мұғалімдерінің 59% қиындықтар тудырмайтынын және оқушылардың оқу жетістіктерін қашықтықтан бағалау 59,8% ұстаздарға ыңғайлы екен. Ұстаздардың 36,8% қашықтықтан оқытуға толық көшуге дайын болса, 17,9% ұстаз дайын еместігін, 45,3% ұстаздардың жартылай дайын екендігін көрсетті.
Ұстаздардың қашықтықтан оқуды ұйымдастыруға қатысты ескертулері мен ұсыныстары: 
    Тиімді платформалармен жұмыс істеу т.с.с курстар көп ұйымдастырылса;
    Оқушыларға өз бетінше орындауға тапсырманы көбірек берілсе;
    IT-семинарлары жиі өткізіліп тұрса;
    Әртүрлі платформада жұмыс істеу қолжетімді болса;
    Мұғалімдердің IT құзіреттілігін жоғары дәрежеге көтеруге арналған курстар ұйымдастыру;
    Кафедра оқытушылары арасында жиі пікір алмастыру;
    Оқушылардан тапсырмаларды уақытында орындап жіберуді талап етуге болатындай жағдай жасалса делінген. 
Арнайы сабақ уақытында орындайтын талап күшейтілсе, балаларды бағалау нақтырақ болар ма еді деп тұжырымдаған.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: