Орта білім беру ұйымдарының мұғалімдері толтыруға міндетті құжаттардың нақты тізімі » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Орта білім беру ұйымдарының мұғалімдері толтыруға міндетті құжаттардың нақты тізімі
10
май
2020

Орта білім беру ұйымдарының мұғалімдері толтыруға міндетті құжаттардың нақты тізімі

     Педагогтердің шамадан тыс есеп беру мәселесін түбегейлі шешетін ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» № 130 бұйрығы мамыр айынан бастап күшіне енді.  
      Енді пән мұғалімі күнделікті екі құжатты толтырады. Біріншісі – сынып журналы, екіншісі – сабақ жоспары. Сондай-ақ оқу жылының басында күнтізбелік-тақырыптық жоспарды дайындайды және әр тоқсан соңында критериалдық бағалау бойынша құжаттарды толтырады. Қалған құжаттың еш қажеті жоқ. 
     Егер мұғалім жас педагогтің тәлімгері болып, сол үшін 17 мың теңгеге жуық үстемеақы алатын болса, онда жас әріптесімен бірлесіп атқарған жұмысы бойынша әдістемелік құжат толтырады. Егер мұғалім сынып жетекшісі болса, онда оқу жылының басында тәрбие жұмысының жоспарын жасайды, өткізілген ата-аналар жиналысы бойынша электрондық форматта хаттама толтырады, оқушылардың табельдерін толтырады және қажеттілігіне қарай олардың жеке істерін жаңартып отырады. 
       Мектеп басшысы мен басшының орынбасарлары толтыратын маңызды құжаттардың да нақты тізімі белгіленді.
     Шамадан тыс есеп беруден арылту және құжаттама үлгілерін біріздендіру, ең алдымен, мұғалім жүктемесін жеңілдетеді, оның шығармашылықпен айналысуына мүмкіндік береді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: