«Алтын белгіге» үміткерлердің жазбаша емтихан жұмыстарын тексеру бойынша нұсқаулық » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Алтын белгіге» үміткерлердің жазбаша емтихан жұмыстарын тексеру бойынша нұсқаулық
03
март
2020

«Алтын белгіге» үміткерлердің жазбаша емтихан жұмыстарын тексеру бойынша нұсқаулық

«Алтын белгіге» үміткерлердің жазбаша емтихан жұмыстарын тексеру бойынша нұсқаулық

«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына (2019 жылғы 26 қарашадағы № 509 бұйрықпен өзгерістер енгізілген) сәйкес жылсайын 1 ақпанға дейін білім беру ұйымдарының, білім бөлімдерінің және білім басқармаларының жанынан Қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру жөніндегі Комиссиялар  (бұдан әрі - комиссия) құрылады.

Білім беру ұйымдарының жанынан құрылған комиссия хатшысы «Алтын белгі» белгісіне үміткерлердің (бұдан әрі - үміткерлер) жазбаша жұмыстарын емтихан біткен сәттен жинап, сыртына Комиссия мүшелерінің қолы қойылған конверттерге салады, тігеді және сол күні Білім бөлімі жанынан құрылған Комиссия төрағасына қабылдау-табыстау актісі арқылы жеткізеді. 

Білім бөлімдері жанынан құрылған комиссия хатшысы барлық үміткерлердің жұмыстарын жинап (конверттерді ашпай), сыртына Комиссия мүшелерінің қолы қойылған жәшіктерге салады, орайды және сол күні немесе емтихан өткен күннен кейінгі келесі күні сағат 13.00-ге дейін (облыс орталығына баратын ара-қашықтыққа байланысты) Білім басқармасы жанынан құрылған Комиссия төрағасына қабылдау-табыстау актісі арқылы жеткізеді.

Үміткерлердің жазбаша жұмыстарын Білім басқармаларының жанынан құрылған Комиссия үміткерлердің емтихан жұмыстарын қабылдаған күні (жақын қалалардан/аудандардан қабылданған үміткерлердің емтихан жұмыстарын) немесе келесі күні тексереді.

Білім басқармаларының жанынан құрылған Комиссия құрамына жазбаша емтихандар өтетін пәндердің білікті, тәжірибелі мұғалімдері кіреді (басқа мүшелерін қоспағанда) және Комиссия құрамындағы әр пән мұғалімінің саны барлық үміткерлердің санына қатысты құрылады (10-15 үміткерге бір пән мұғалімі). 

Комиссия мүшелеріне үміткерлердің жұмыстарын тексеру күні, орны мен уақыты туралы алдын-ала хабарланады.

Пән мұғаліміне өзінің ауданы немесе мектебінің үміткерлерінің жұмысы тексеру үшін берілмейді.

Пән мұғалімдерінің сапалы, тиімді және қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету үшін бір мектептің ғимаратында бірнеше кабинеттер беріледі, дәлізде кезекшіліктер ұйымдастырылады.

Үміткердің жұмысын тексерген мұғалім үміткердің жазбаша емтихан жұмысын бағалайды және қысқаша пікірін жазады.

Үміткерлердің жұмысы тексерілгеннен кейін сол күні Комиссия мүшелерінің жалпы отырысында қаралады. Әр мектептің үміткерлерінің жазбаша жұмыстары бір конвертке салынып, тігіледі, хаттамалар толтырылады. Әр аудан/қала үміткерлерінің жазбаша жұмыстары бір жәшікке салынады, буылады.

Үміткерлердің жұмысы тексерілгеннен кейін екі күннің ішінде білім беру ұйымдарына жеткізіледі.

ҚР Білім және ғылым министрлігіне үміткерлердің емтихан жұмысын тексеру қорытындысы туралы есеп тексеру аяқталған күні төмендегідей нысанда жіберіледі.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: