Материалы за Октябрь 2020 года » Страница 4 » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Октябрь 2020 года » Страница 4
«Қызықты математика және логика»  Республикалық онлайн-олимпиадасы
20
октябрь
2020
«Қызықты математика және логика» Республикалық онлайн-олимпиадасы
«Kemel Acedemy» онлайн-мектебі ұйымдастырған «Қызықты математика және логика» ІІІ-ші күзгі Республикалық онлайн-олимпиадасына қатысқан лицейіміздің 5 сынып оқушысы Асылбай Жалғас І орын иеленді.
Республикалық "Ұлы есім иелері" басылымы ұйымдастырған байқауда
20
октябрь
2020
Республикалық "Ұлы есім иелері" басылымы ұйымдастырған байқауда
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің республикалық “Ұлы есім иелері” газетінің ұйымдастыруымен музыка пәнінен өткен олимпиададан 5 "Е" сынып оқушысы Асылбай Жалғас “Дәстүрлі ән” жанры бойынша І орын алса, ”Вокалдық ән” жанрынан 6 "А" сынып оқушысы Баяш Анель ІІ орынға ие болды. Шәкірттер дайындап, жетекшілік еткен музыка пәнінің мұғалімі Асанова Гульшат Рамазанқызы Құрмет грамотасымен марапатталды.
Үйірме жұмыстары: Шахматтан біліктілік  турнирі
20
октябрь
2020
Үйірме жұмыстары: Шахматтан біліктілік турнирі
Шахматтан біліктілік турнирі жарысында 5 “Ғ” сынып оқушысы Асетұлы Мадиар ІІ жүлделі орынға ие болып, өз біліктілігін ІІ разрядқа көтерді. Жетекшісі: Амонбоев Сино Насибджонович
"Кім жүйрік?"  математикалық сайысы
19
октябрь
2020
"Кім жүйрік?" математикалық сайысы
Лицейімізде математика кафедрасының онкүндігі аясында 5-11 сынып оқушылары арасында "Кім жүйрік?" тақырыбында математикалық сайыс басталды. Жауабын қазан айының 23 күніне дейін talant_daryn@inbox.ru почтасына жіберулеріңізді сұраймыз.
Халықаралық олимпиада жеңімпаздары
19
октябрь
2020
Халықаралық олимпиада жеңімпаздары
    Лицейіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Эльмира Рапилова мұғалімдер арасында өткен халықаралық олимпиадасының жеңімпазы атанып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталса, 5 "Г" сынып оқушысы Рахат Бердіқұл халықаралық қазақ әдебиеті пәнінен 5 сыныптар арасында өткен олимпиадасының жеңімпазы ретінде танылып, І дәрежелі дипломмен марапатталды.Жетекшісі: Рапилова Эльмира Жанатқызы
Шахматтан қалалық квалификациялық жарыс
19
октябрь
2020
Шахматтан қалалық квалификациялық жарыс
Шахмат ойыны бойынша қалалық квалификациялық жарыстан лицейіміздің 5-сынып оқушысы Үшкемпіров Қажыкен І орын жеңіп алды.
"Талантты оқушылар" айдары
18
октябрь
2020
"Талантты оқушылар" айдары
   Лицейіміздің білімді, дарынды, талантты оқушыларын қолдау біздің лицей әкімшілігінің басты назарында. Сол талантты оқушыларымыздың бірі "Ел жастары" өзін-өзі басқару ұйымының мүшесі, бокстан спорт шеберлігіне үміткер, жасөспірімдер арасында Алматы қаласының 2 дүркін жеңімпазы және ел чемпионы Серікұлы Әлихан лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлының қабылдауында болды. Қабылдау барысында лицей директоры Әлихан Серікұлына кез-келген көмек көрсететіндігін тілге тиек етіп, жылы лебізін
Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні бойынша республикалық олимпиадасы
18
октябрь
2020
Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні бойынша республикалық олимпиадасы
DARYN.ONLINE білім беру платформасы мен Qaztest.kz олимпиада сайты бірлесе ұйымдастырған мұғалімдерге арналған Республикалық пәндік олимпиадасында қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні бойынша ІІ дәрежелі дипломмен №178 лицей мұғалімі Рапилова Эльмира Жанатовна марапатталды.
Республикалық ұстаздар арасында олимпиадасы
17
октябрь
2020
Республикалық ұстаздар арасында олимпиадасы
№178 лицейдің Физика пәнінің мұғалімі Жумагулова Сагила Абдуллаевна Республикалық физика пәнінен ұстаздар арасында олимпиадасының жеңімпазы, Республикалық Физика Блиц-турнирінің І орын жеңімпазы атанды.
«Өз жұлдызыңды тап» атты тренинг  өткізілді
17
октябрь
2020
«Өз жұлдызыңды тап» атты тренинг өткізілді
№ 178 лицейдің педагог-психологы Асилова Шолпан Сәрсенқызы оқушының өзіне сенімділігін арттыру, еркін, белсенді, оптимист болу мүмкіндігін ояту мақсатында  9 сынып оқушыларына арналған «Өз жұлдызыңды тап» атты тренингін өткізді. Тренингте кері байланыс барысында оқушылар қағаз алып, түрлі-түсті қарындаштармен өз армандарын көз алдарына елестете отырып, қағаз бетіне түсірді.