Материалы за 20.10.2020 » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Бала құқығы – адам құқығы» атты тәрбие сағаттары өткізілді
20
октябрь
2020
«Бала құқығы – адам құқығы» атты тәрбие сағаттары өткізілді
20 қазан - 20 қараша Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне арналған айлық жоспарына сәйкес, 2020 жылдың 20 қазан күні №178 лицейде 5-11 сыныптарда «Бала құқығы – адам құқығы» атты тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты: оқушының құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін толықтыру. Өз міндеттері мен құқықтарын білуге үйрету. Қазақстанның болашағына үлесін қоса білетін білімді де, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.
Республикалық Ұлттық интернет олимпиадасы
20
октябрь
2020
Республикалық Ұлттық интернет олимпиадасы
    www.nio.kz Республикалық Ұлттық интернет олимпиада сайты Ағылшын тілі пәнінен ұйымдастырған қашықтық олимпиадасына қатысқан лицей оқушылары жүлделі орындарға ие болды. Жетекшісі: Мамутова Айнур Дарханбековна
«Қызықты математика және логика»  Республикалық онлайн-олимпиадасы
20
октябрь
2020
«Қызықты математика және логика» Республикалық онлайн-олимпиадасы
«Kemel Acedemy» онлайн-мектебі ұйымдастырған «Қызықты математика және логика» ІІІ-ші күзгі Республикалық онлайн-олимпиадасына қатысқан лицейіміздің 5 сынып оқушысы Асылбай Жалғас І орын иеленді.
Республикалық "Ұлы есім иелері" басылымы ұйымдастырған байқауда
20
октябрь
2020
Республикалық "Ұлы есім иелері" басылымы ұйымдастырған байқауда
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің республикалық “Ұлы есім иелері” газетінің ұйымдастыруымен музыка пәнінен өткен олимпиададан 5 "Е" сынып оқушысы Асылбай Жалғас “Дәстүрлі ән” жанры бойынша І орын алса, ”Вокалдық ән” жанрынан 6 "А" сынып оқушысы Баяш Анель ІІ орынға ие болды. Шәкірттер дайындап, жетекшілік еткен музыка пәнінің мұғалімі Асанова Гульшат Рамазанқызы Құрмет грамотасымен марапатталды.
Үйірме жұмыстары: Шахматтан біліктілік  турнирі
20
октябрь
2020
Үйірме жұмыстары: Шахматтан біліктілік турнирі
Шахматтан біліктілік турнирі жарысында 5 “Ғ” сынып оқушысы Асетұлы Мадиар ІІ жүлделі орынға ие болып, өз біліктілігін ІІ разрядқа көтерді. Жетекшісі: Амонбоев Сино Насибджонович