Материалы за Сентябрь 2020 года » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ұстаздар мерекесі құтты болсын!
30
сентябрь
2020
Ұстаздар мерекесі құтты болсын!
Бокстан Сидней олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимов, қазақ айтыс өнерінің жанашыры, ақын Жүрсін Ерман, тілші, журналист, аудармашы Есей Жеңісұлы, актер, әнші, сазгер Нұрлан Әлімжан, "Алашұлы" тобының әншісі Мақсат Рахат, әнші Серікбол Сайлаубек лицей ұстаздарын төл мерекелерімен құттықтап, сәттілік тілейді. Мереке құтты болсын, қадірлі ұстаздар қауымы!
"Кәмелетке жасы толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық қайдан шығады?" тақырыбында ұлдар жиналысы
30
сентябрь
2020
"Кәмелетке жасы толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық
Лицейімізде "Кәмелетке жасы толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық қайдан шығады?" тақырыбында ұлдар жиналысы өткізілді. Жетекшілері: Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кутумов Берік, тәлімгер Әбілқайыр Тілеужан мен АӘД пәнінің мұғалімі Құрмансейтов Бауыржан. "Тәртіпсіз ел болмайды, Тәртіпке бас иген құл болмайды" Б.Момышұлы.
"Ұстаз аты биік, әрі мәңгілік!" тақырыбында сынып сағаттары өтті
29
сентябрь
2020
"Ұстаз аты биік, әрі мәңгілік!" тақырыбында сынып сағаттары өтті
Ұстаздар мерекесі күніне орай лицейімізде 5-11 сыныптар арасында "Ұстаз аты биік, әрі мәңгілік!" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Ұстазын ұлықтағандар ұлттың ұлы мен қызына айналары хақ. Себебі, ғалым да, кенші де бас иетін бұл мерекенің орны бөлек. Барша ұстаздар қауымының мерейлері өсіп, мәртебелері арта берсін!
Тілдер мерекесіне орай өткен іс-шаралар
24
сентябрь
2020
Тілдер мерекесіне орай өткен іс-шаралар
Қазақстан Республикасының халықтарының тілдері мерекесі күніне орай лицейімізде жүргізіліп жатқан іс-шараларға оқушыларымыз белсенді түрде атсалысуда. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Женсикбаева Назгүл Бақытқызының жетекшілігімен 7 "Ғ" сынып оқушысы Тулеген Аяулым "Үйрен ана тіліңді" атты өлеңін мәнерлеп оқыса, Сәуле Аметованың жетекшілігімен 8 "И" сыныбының оқушысы Санатбек Қарақат "Ана тілім" өлеңін оқыды.