Материалы за Сентябрь 2020 года » Страница 2 » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Сентябрь 2020 года » Страница 2
"Жыл мұғалімі" байқауы
23
сентябрь
2020
"Жыл мұғалімі" байқауы
Лицейіміздің математика пәні мұғалімі Сағиолданов Талант Бақытұлы "Жыл мұғалімі" байқауына қатысып, өз шеберлігін шыңдап, бағын сынауда. Осы тұста талантты да, білікті мұғалімімізге әр елден қолдау көрсетіп, сәттілік тілеуде. Лицей әкімшілігі мен мұғалімдері тарапынан біз де Талант Бақытұлына сәттілік пен жеңіс тілейміз!
"Үш тілді білу - жаһандық өмірге жолдама"
22
сентябрь
2020
"Үш тілді білу - жаһандық өмірге жолдама"
22 қыркүйек - Қазақстан Республикасы  халықтарының  тілдері күні мерекесіне орай "Үш тілді білу - жаhандық өмірге жолдама" тақырыбында 5-11 сыныптар арасында сынып сағаттары өткізілді.
Сағиолданов Талант Бақытұлы марапатталды
18
сентябрь
2020
Сағиолданов Талант Бақытұлы марапатталды
Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы қалалық Білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы» базасында №178 лицейдің математика пәні мұғалімі Сағиолданов Талант Бақытұлы лицейдің 8"Ж" сынып оқушыларымен бірге "y=√x функциясы, оның қасиеттері мен графигі" атты тақырыпта On-Line сабақ өткізіп, жаңа технологияларды қолдана отырып, шығармашылық жұмыстар атқарғаны үшін Алматы қаласы Білім басқармасының "ҚББЖТҒӘО" КММ директорының мақтау қағазымен марапатталды.
11 сыныптармен психологиялық жаттығулар жүргізілді
18
сентябрь
2020
11 сыныптармен психологиялық жаттығулар жүргізілді
Лицей психологі Жанна Ағажанованың ұйымдастыруымен 11 сынып оқушыларымен Zoom платформасы арқылы психологиялық жаттығулар жүргізілді. Жаттығу мақсаты: өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіре отырып, бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін және жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыру.
"Ел жастары" балалар мен жастарды тәрбиелеудің аймақтық бағдарламасы
16
сентябрь
2020
"Ел жастары" балалар мен жастарды тәрбиелеудің аймақтық бағдарламасы
Лицейімізде "Ел жастары" балалар мен жастарды тәрбиелеудің аймақтық бағдарламасы негізінде 2020-2021 оқу жылына сәйкес онлайн жиналыс өткізілді. Онлайн жиналыста оқушыларға алдағы уақытта өтетін іс-шаралар мен қоғамдық жұмыстар және тәрбие негізінде түсіндірме жұмыстары айтылып, онлайн іс-шараларға ат салысып жүрген Эльмира Жанатқызы жетекшілік ететін 10"А" сыныбының оқушылары қоғамдық жұмыстарға белсенді түрде қатысқаны үшін лицей директорының алғыс хатымен марапатталды. Лицейімізде "Ел
Жас педагог мамандарға арналған семинар-тренинг
15
сентябрь
2020
Жас педагог мамандарға арналған семинар-тренинг
Алматы қаласы Алатау ауданына қарасты №178 лицейде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Даулетбаева Гулнафис Абатовнаның ұйымдастыруымен «Жас маман - бүгін, ертең: проблемалар және оларды шешу жолдары» тақырыбында жас мұғалімдерге арналған лицейішілік онлайн семинар өтті. Жиынға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, лицей ұстаздары мен жас мамандар және олардың тәлімгерлері қатысты. Іс-шараны директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.А. Даулетбаева ашып, семинардың мақсатына
"Білімпаз отбасы" зияткерлік сайысы өтті
14
сентябрь
2020
"Білімпаз отбасы" зияткерлік сайысы өтті
2013 жылы Президент Жарлығымен қыркүйектің екінші жексенбісі - Отбасы күні болып бекітілген. Сол жылдан бері Отбасы күні жылда аталып өтіледі. Биылғы жылы мерекеге орай №178 лицейде 14 қыркүйек күні 8 сыныптардың жетекшілерінің ұйымдастыруымен "Білімпаз отбасы" атты отбасылық зияткерлік сайыс өтті. Шараның басты мақсаты - ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасын нығайту, оқушыларға отбасы құндылығының  мәнін түсіндіру. Сайысқа оқушылар ата-аналарымен бірге қатысып, нәтижесінде 8 "в" сыныбы
«Күнделік KZ»  электронды журналы
11
сентябрь
2020
«Күнделік KZ» электронды журналы
№178 лицейде қыркүйек айының 11 күні директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары К.С. Шажабаева «Күнделік KZ» электронды журналын жүргізу және толтыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жаңа келген мұғалімдерге онлайн семинар өткізді. Семинар барысында электронды журналға қатысты сұрақтар талқыланды (сабақтың тақырыбы мен үй жұмысын толтырылуы, бағалардың қойылуы, өткізілген сабақтың белгіленуі, мерекелік және актіленген күндердің енгізілуі). Сонымен қатар жаңартылған білім мазмұны жағдайында
"Жауапты мемлекет-жауапты қоғам-жауапты адам"  ата-аналар  жиналысы
11
сентябрь
2020
"Жауапты мемлекет-жауапты қоғам-жауапты адам" ата-аналар жиналысы
2020 жылдың 11 қыркүйек күні №178 лицейде Zoom интернет платформасы арқылы "Жауапты мемлекет - жауапты қоғам - жауапты адам" тақырыбында жалпы ата-аналарға арналған жиналыс өтті. Жиналыста лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы 2019-2020 оқу жылындағы лицей оқушылары мен ұжымның жарқын жетістіктерімен таныстырып, барша ата-аналарға лицей атынан өзінің алғысын білдірді. Сонымен қатар, жиналыста төмендегі мәселелер кеңінен талқыланды. 1. 2020-2021 оқу жылында лицейдегі қашықтық оқытудың қазіргі