Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Республикалық «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы
19
январь
2019
Республикалық «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы
Республикалық «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы дәстүрлі түрде жыл сайын өз жалғасын тауып келеді. №178 лицей бойынша 2019 жылдың 10 қаңтар мен 10-ақпан аралығында «Қамқорлық» акциясы ұйымдастырылып отыратын іс шара. Акцияның мақсаты күнкөрісі төмен, көпбалалы және тұрмысы қолайсыз отбасылардан шыққан балаларға, жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталған балалардың өзге де санаттарына әлеуметтік көмек пен қолдау
"Бала тәрбиесі - отбасы мен мектептің ажырамас бөлшегі" тақырыбындағы ата-аналар жиналысы
19
январь
2019
"Бала тәрбиесі - отбасы мен мектептің ажырамас бөлшегі" тақырыбындағы
2019 жылдың 17,18 қаңтар күндері №178 лицейде "Бала тәрбиесі - отбасы мен мектептің ажырамас бөлшегі" тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.Ата-аналар жиналысының көздеген басты мақсаты – бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру, әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру, баланың жақсы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру болды.
"Білім додасы" зияткерлік ойыны
16
январь
2019
"Білім додасы" зияткерлік ойыны
2019 жылдың 16 қаңтар күні Елбасы 2019 жылды  Жастар жылы деп жариялауына байланысты, "Жас Ұлан ұйымының ұйымдастыруымен 8-10 сыныптар арасында "Білім додасы" зияткерлік ойындар сайысы өтті. Мақсаты: оқушыларды шапшаң ойлауға, үш тілді меңгеруге баулу, тарихи білімдерін арттыру.  Нәтижесінде І орын - 9 сыныптар, ІІ орын - 10 сыныптар, ІІІ орын - 8 сыныптар иеленді.
Almaty Roboman - 2018/2019 робототехника турнирі
04
январь
2019
Almaty Roboman - 2018/2019 робототехника турнирі
Алматы қаласы Білім басқармасының "Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми әдістемелік орталығының" және Қазақстандағы робототехниканың Еуропалық апталық аясында Almaty Roboman - 2018/2019 робототехника турнирі болып өтті. Нәтижесінде №178 лицей оқушылары шығармашылық конкурстан жоғары топ арасында Курбаналиев Омар, Рейнбаев Қажымұқан, Мейманқожаев Жанарыс, төменгі топтан Хамзахан Айтөре І орын иеленді. 3Д моделдеу және 3Д баспадан Курбаналиев Омар, Рейнбаев Қажымұқан, Мейманқожаев
"Жаңа жыл - 2019" мерекелік кеші
28
декабрь
2018
"Жаңа жыл - 2019" мерекелік кеші
2018 жылдың 26 желтоқсан күні 9,10,11 сыныптардың "Жаңа жыл - 2019" атты мерекелік кеш өтті.Жаңа жылдың символына айналған әдемі безендірілген шырша мерекелік кештің ажарын аша түсті. Көңілді өткен мерекелік бағдарлама би кешімен жалғасты. 
Оқушылар әкім шыршасына қатысты.
27
декабрь
2018
Оқушылар әкім шыршасына қатысты.
Алматы қаласы әкімі Б.Қ.Байбек мырза әлеуметтік жағдайлары төмен отбасының балаларына арнайы жаңа жылдық мереке сыйлады. Мерекеге №178 лицейден 6 оқушы қатысты. Сонымен қатар Алатау ауданының әкімі Шахмерден Сыртбайұлы әлеуметтік жағдайлары төмен, көп балалы отбасының балаларына ерекше Жаңа жылдық мереке ұйымдастырды. Алматы қаласы қуыршақ театрына саяхатқа барды. Қойылымды лицейімізден 7 оқушы барып тамашалады. Оқушылар керемет сыйлықтарға ие болды. Балаларымыз қуанышты болып қайтты.
"Тәуелсіздік - адамзаттың бақыты" атты тақырыптарда 5-11 сыныптарда сынып сағаттары
11
декабрь
2018
"Тәуелсіздік - адамзаттың бақыты" атты тақырыптарда 5-11 сыныптарда
Алатау ауданы №178 лицейде 2018 жылдың 11 желтоқсан күні "Тәуелсіздік -ел тірегі", "Тәуелсіздік - адамзаттың бақыты" атты тақырыптарда 5-11 сыныптарда сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: оқушыларды еліміздің патриоттары болуға тәрбиелеу.
«Алатаудың өнерлі жұбы» атты сайыс
10
декабрь
2018
«Алатаудың өнерлі жұбы» атты сайыс
«Нұр Отан» партиясы Алатау аудандық филиалы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ-ның ұйымдастыруымен 9-11 сыныптар арасында өткен «Алатаудың өнерлі жұбы» атты 3 кезеңнен тұратын сайысқа №178 лицейдің 10 "Д" сынып оқушылары Болат Керім мен  Қабдығалиева Нұрым қатысып, ІІІ орын иеленді.
Информатикадан   Х  Еуразиялық олимпиадасы өтті.
09
декабрь
2018
Информатикадан Х Еуразиялық олимпиадасы өтті.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен Информатикадан Х Еуразиялық олимпиадасына №178 лицей оқушылары қатысып, жүлделі ІІІ орын және сертификаттармен  Манашов Али, Тастанбек Диана, Сражов Абдусаттар марапатталды.